АРУАҚ

Аруақ-қазақ дүниетанымының мифтік негізі!
Текті адам ерекше қабілетке ие болса, қазақ «аруақ қонды»- дейді.
Жалпы аруаққа табыну әлем халықтарында жиі кездесетін салт.
Қазақта ерекше қасиет бар, ол аруақты силау, құрметтеу, бұл арабта жоқ..
Қазақ Аруаққа сенім артады.
Аруақ-дегеніміз дүниеден өткен Адам!
Қазақта Құдай атқан, оналар, аруақ атқан оңалмас» деген даналық сөз бар.
Сондықтан аруақты тірі адамның силауы және оған ас беріп құрмет көрсету салт-дәстүрімізге айналып кеткен.

Ертеде Ислам келмей тұрып, сактардың ойшылы, көсемі
Тосаритке біреу сұрақ қояды:
«Сендер осы өлілерді еске алып, олардың құрметіне той жасап, ас бересіңдер, сендер олардың рухына табынасыңдар ма?»- деп сұрайды.
Сонда Тоқсерит» Біз өлілердің рухының рухына табынбаймыз.Біз жақсы адамдарға арнап, құрбандық шаламыз, соған ас береміз.
Себебі «өлі разы болмай, тірі жарымайды». Біз өлген адамды құрмет етеді отырып, тірілерге өлілердің аңызы мен жасаған ерліктерін еске алу арқылы жақсылықтарын уағыздап, тірілердің Рухы көтереміз»- деп айтқан екен…

Ата-бабаларымыз өздерінің бұрынғы ата-бабаларының аруақтарына сыйынып келген. Қазақ үшін Аруақ ескірмейді, ол-Мәңгілік!

Қазақ рәсімінде ертеден қалыптасқан Аруаққа деген құрмет бар.
Сондықтан өлген адамды еске алып, аруағына, Тәңірдің шапағаты тие берсін, бейсенбі күні қайтыс болған туыстардың аруағы қонақтап жүреді деген нанымға иланған, жеті шелпек пісіріп, бата оқытып отырған.

Қазақ «өлі разы болмайды, тірі байыз таппайды» деген, яғни жүрегінде, санаңда, ақылыңда тыныштық
болмайды деген ұғым.
Аруақ разы болмайды, ісіміз оңға баспайды, көңіліміз орнына түспейді деген.
Әрине Өлім пәнилік, ол ешнәрсеге мұқтаж емес, ол ішпейді, жемейді.
Алайда ол-Рух!
Ал Рухы үнемі еске алуды қажет етеді. Сонда ғана тірілердің Рухы тазарады.
Өлілерді жарытса тек дұға ғана жарытады,Құран жарытады. Сондықтан өзінің разы қылу үшін аруақтарға дұға жасап, медет қылған.
Зиратына барып, санаңдағы ойың айтып, жолымды ашады деген.
Қазақ жорыққа аттанғанда, атойлап жауға шапқанда, белгілі бір істі бастағанда, басына ауыр күн туғанда
«Аруақ» -деп сиынған.
Әсіресе, аңшылар, қартаң кісілер мен аурулар
«Иә, Тәңір қолдай гөр, иә, Аруақ жебей жүр, иә, Қабанбай, иә Бөгембай, иә Лұқпан хакім» — деп сиынса, малшылар төрт түліктің піріне сеніп, бастаған істерінің үміт күткен.
Ел қорғаған батырлар аруағы аузынан түспейді, соғысқа аруақ деп, қаны қызып, жауға шапқан.
Батырлар жекпе-жекке шыққанда «аруақ !»- деп, алашқа ұрандап болған аталар аруағына сиынған.
Қазақтың аруақты құрмет тұтуы, Адам тәні өлгенімен, Рухы өлмейді! Сол рухтың өлмейтінің қазақ білген халық!
Өйткені бабалар Рухы артындағы ұрпағын жамандықтан қорғайды.

Палуандар белдескенде
«Уа, Аруақ қолдай ғөр»- деп шабыттанаған.

Сынықшылар сынық салғанда «Мен емес, аруақ салды»- дейді.

Бақсылар науқасты емдегенде, аруақтардың атын айтып «Е, Аруақ желеп-жебеп жүр деп, олармен байланысқа түскен.
Жалғыз жолаушы кеш бата, «аруақ қорғайды»- деп мазарға түнеген.

Қазақта ант беріп, серттескенде уәдені кепілі аруақ болған.
Сөз байласқанда бейітке қарап, Құран оқып,аруақты кепілдікке шақырған.
Бата бұзып, уәдесінде тұрмағандарды «Аруақ атсын»- деп қорғаған.
Бабаларымыз аруаққа тіл тигізбеген. Аруақты еске алып, Құран бағыштағанда ұрпағы жетістікке жетсе,
«Көрінде бір аунап түскен шығар» десе, ал адам жамандық істеп өтсе,
» көріңде өкір», » көріңде сүйегі саздақты шығар»- деп айтатын болған.

Бала таппаған әйелдер бала тілеп, аурулар дертіне шипа іздеп Әулиенің басына түнеп, аруақтан тілек тілеген.

Аруақ түс арқылы аян беріп, берген аяны қате кетпеген.

Қазақ Аруаққа сеніп жүріп, елің, жерің қорғап жүгірсе аңның аяғы, ұшқан құстың қанаты талатын байтақ жерді сақтап қалды.

Қазақ Жаратушы Тәңірі бар екенің ұмытпаған, Жер-Ананы құрметтеген,Аруаққа сенген!

Ата-әжесінің аруағы риза болсын, назаланбасын деп, нағашы, туыстары келсе, құрмет көрсеткен.
Не үшін жасаған?
Себебі ата мен әжемнің жақындары келіп жатыр, солардың әруағы мазаланбасын деген сөз.
Бұл қазақи сеніммен, таза қанмен, тектілікпен келген сенім!
Біз қазақи сенімде болсақ, қазақ ешнәрсе жоғалтпайды.
Қазақ білімді халық, тектілігі сонда, аруақтардың басына зиярат жасауы, қазақтың дінсіз жасаған құндылықтары!
Қазағымды бабалар Аруағы қолдап, қорғап жүрсін!

РАЙХАН МАТАЕВА