АРМЫСЫҢ АРДАҚТЫ СӨЗ

Армысыңдар Алаштың арыстары!!!
Ержүрек қабыланы мен барыстары.
Армысың деп алыстағы Ағайынмен,
Қуантады құшақ жайып табысқаны!!!
Армысыңдар ардақты Ағайындар!!!
Дәстүрден адаспаған ағайын бар.
Жанын қиған ар үшін аталарың,
Ар үшін бас тігетін талайың бар!!!
Армысыңдар арын биік ұстағандар!!!
Қаңсығын біреулердің ұстамаңдар.
Шоламалейкум, — деп, айтады ұлттан безген,
Семиттерге құл болған күстабандар…
Бар дәстүрді байқайсың бағамынан.
Амандасуын байқайсың қабағынан.
Армысың деп амандасып келе жатыр,
Сақ пенен сонау Ғұнның заманынан.
Тоныкөктен көп дерек аударылған.
Амандасып дұшпанмен де, дауға барған.
Қар жамылып, мұз жастанып текті атаң,
Аруақ деп атқа қонып, жау жапырған.
Жаугершілік қиындыққа қарамастан.
Тәрбиелеп жастарды бала жастан.
Армысыз деп төс қағып құшақтасып,
Бабаларың білсең солай амандасқан.

Сәбетқазы Нұрсила