Ардагерлер – ел ұйытқысы
«Қариясы бар елдің – қазынасы бар» деген дана халқымыз.
Әрдайым қарияларды қадір тұтып, олардың өнегеге толы өмірінен тәлім алған, ақыл кеңестерін сұраған алдыңғы буынның ұрпағымыз.
Өскелең ұрпаққа ұлағатты өсиетін айтып, ізінен ерген жас буынға ізетін аямайтын қарттар қашанда құрметке лайық.
Халқымызды өзгелерден дара ететін бір ерекшелік те осы.
Қарияларды құрметтеу, олардың сөзіне құлақ асу – бабадан балаға сіңген қасиет. Осы орайда бүгін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Көдеков, ауданның төбе биі Ж.Қалыбаев, аудандық əкелер кеңесінің төрағасы Б.Жамбылов секілді ауданымыздың ақылшы, қамқоршы ардагерлерімен кездесіп, қабылдау өткіздім.
Қабылдау барысында Мойынқұм ауданының 60 — жылдығы, Жеңіс тойы, Жамбыл облысының құрылғанына 85 — жылдық мерейтойларын өткізу туралы мәселелер көтерілді.
«Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ардагерлердің ақыл-кеңес, талап, тілектеріне құла түре отырып, қолдау білдіретіндігімді жеткіздім.