АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДА «ҚОҢЫР ӘҢГІМЕ» ТАҚЫРЫБЫНДА РУХАНИ САЙЫС ӨТКІЗІЛДІ

Бүгін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қ.Қазантаев атындағы аудандық мәдениет үйінде ұлттық болмыс ұлықталып, баба дәстүрі дәріптелетін «Қоңыр әңгіме» тақырыбында рухани сайыс өткізілді.

Сайыстың мақсаты — ел ішіндегі ақсақалдар арасында бұрын айтылып жүрген, алайда қазіргі уақытта үзіліп қалған қоңыр әңгіме айту үрдісін жалғастырып, қайта жандандыру.
Сайысты аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев ашып, қатысушы 12 ардагерге сәттілік тіледі.

Сайысқа Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі, мәдениет саласының үздігі Әсет Шілдебаев, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Қуат Әдис, «Жалағаш жаршысы» газетнің бас редакторы Кенжетай Қайрақбаев қазылық етті.

Сайыс нәтижесімен 1-орынды Т. Жүргенов ауылының ардагері Өміртай Кемелов, 2-орынды Жалағаш кентінен Әбулайыс Әбжелелов, жүлделі 3-орынды Таң ауылынан Нұрадин Жұбанов жеңіп алды. Сайыс жеңімпаздарына арнайы Диплом, қаржылай сыйлықтар табысталса, ал қатысушылардың барлығы ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

🔸Қызылорда облысы, Жалағаш кенті 2023 жылғы 1 қараша