Ардагер спортшылар бақ сынасты

Аудан орталығы — Қаратау қаласының орталық саябағында орналасқан волейбол алаңшасында ардагерлер арасында волейболдан турнир өтті. Қала күніне орай ұйымдастырылған әуе доп додасына алпысты алқымдаған ардагер спортшылардан құралған 3 команда қатысты.

Тартысты өткен жарыста оза шауып «Фосфорит» ардагерлер командасы 1-орынды жеңіп алса, 2-орынға «Намыс» командасы тұрақтады. 3-орынды «Талас» ардагерлер командасы иеленді. Қаратау қаласының әкімі Дархан Баймбетов жарысқа қатысқан барша ардагерлерді құттықтап, жүлдегерлерге арнайы кубок пен сертификаттарды табыстады.

Талас аудан әкімдігі