Арал теңізіндегі су деңгейі 48 см-ге дейін көтерілген

Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, 2022 жылғы қазан айынан бастап бүгінгі таңға теңіздегі су деңгейі 40,90 мБЖ немесе 48 см-ге дейін көтеріліп, жиналған су көлемі 19,7 млрд текше метр болды. Былтыр жыл көлемінде Аралға 816 млн м3 су түссе, биыл екі айдың өзінде 803 млн м3 жиналды.