АҚЫНДАР ҚЫРҒЫЗ ЕЛІНЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Қырғыз халық ақыны Байдилда Сарногаевтың 90 жылдығына орай Талас облысының К.Медетбеков атындағы драма театрында халықаралық айтыс өткізілді.
Айтысты Қырғыз мәдениет министрлігі мен Қырғыз «Айтыш» фонды ұйымдастырған.
Екі күн бойы жырдан шашу шашылған айтыстың нәтижесінде, еліміздің намысын қорғаған жамбылдық ақын Нұрлыбек Құрманов жүлделі үшінші орынды иеленсе, ақын Дидар Апбасов пен Нургали Анапия жоғары деңгейде айтысып, арнайы жүлдемен марапатталды.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі