Ақтөбедегі 21 балалы отбасын мерекемен құттықтады

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғалым Даулеталин және «Динамо» ДШСҚ орынбасары Арыстан Төлепбергенов көп балалы Жетесовтар отбасын құттықтады.

 

 

Жетесовтар отбасының әрбір мүшесі дәстүрлі музыкалық аспаптарда ойнайды. Отбасылық «Шашу» ансамблі елімізде ғана емес, шетел мемлекеттерінде де танымал. 21 бала (оның ішінде 18 баланы патронаттық тәрбиеге алған) тәрбиелеп отырған Жетесовтер отбасына сыйлықтар берілді.

«Біз ұжыммен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, сіздер секілді үлгілі балалар тәрбиелеп отырған отбасына арнайы келлік. Балалар – біздің болашағымыз. Балаларыңыз бақытты болсын, еліміздің бетке ұстар азаматтары болуына тілектеспіз», — деді ПД бастығы Атығай Арыстанов.

 

 

Тәртіп сақшылары балаларға сыйлықтар мен тәттілер сыйлады. Үлкен жанұяның отағасы Өмірхан Жетесов ПД бастығына алғысын білдірді. Бес жасар Жарқынай қонақтарға «Жетіген» ұлттық аспабында «Ана» әнін шырқап берді.

 

М.Табын,

Ақтөбе облысы.