АҚТӨБЕДЕ «ЖАСӨСПІРІМ ЖӘНЕ ЗАҢ» ЖЕДЕЛ АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Ақтөбеде ювеналды полиция қызметкерлері жоспарланған іс-шараларды іске асыру барысында аулаларда, саябақтарда және жастар көп жиналатын орындарда, ойын-сауық орындарында рейдтік жұмыстар жүргізді.

Шара аясында ІІБ-на 239 кәмелетке толмағандар жеткізіліп, оның ішінде 230 тұрғын жайдан тыс жерде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 23.00 – ден 06.00 дейінгі аралықта, 9 әкімшілік құқық бұзушылық жасаған үшін жеткізілді. 3 жеке кәсіпкер жасы 21-ге толмаған азаматтарға алкогольді өнімдер сатқан үшін және 1 жеке кәсіпкер жасы 21-ге толмаған азаматтарға темекі өнімдерді сатқан үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

15 ата-ана бала тәрбиесінде өз міндеттерін атқармағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды.

ІІБ-ның есебіне 14 кәмелетке толмаған жасөспірім және 18 қолайсыз отбасы алынды.