Ақтөбеде 100 аула абаттандырылады

Биыл Ақтөбеде көпқабатты үйлердің 100 ауласы абаттандырылады. Аулаішілік жолдар асфальтталып, воркауттар, балалардың ойын алаңдары және спорттық алаңдар орнатылады. Бұл жұмыс қазір жүріп жатыр. Қайта жаңғырту жоспарына енген 101-атқыштар бригадасы көшесіндегі абаттандырылған аулалардың бірін қала әкімі Асхат Шахаров БАҚ өкілдерімен, блогерлермен бірге барып көрді.

 

«Заманауи қалалардағы аулалар осындай болуы керек. Бұл облыс әкімінің тапсырмасымен жасалып жатқан жұмыс. Жасыл төсеніші бар футбол алаңы,әткеншектер,воркаут алаң балалардың игілігі үшін жасалды. Болашақта көпқабатты үйлердің аулалары осы үлгімен абаттандырылады. Ал жасап берген заттарды күтіп ұстау тұрғындардың өздеріне сын. Бұдан бөлек, биыл 40 аулаға асфаль төсеп береміз», — деді Асхат Шахаров.
Тұрғындардың қуанышында шек болмады. Балалар да қала әкіміне алғыс айтты.