Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин ашық аспан аясында ұйымдастырылған мерекелік алаңдарға барды

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин ашық аспан аясында ұйымдастырылған мерекелік алаңдарға барды. Атап айтқанда өңір басшысы қала күніне арналған Абай даңғылында, орталық стадионда, «Денсаулық» саябағында, сулы-жасыл желекжолда, Тұңғыш Президент атындағы саябақта өткен мерекелік шараларда болып, Ж.Кереев атындағы гүлзармен жүріп өтті.
Аймақ басшысы мерекеге жиналған қалалықтармен, концерттік-ойын-сауық бағдарламаны ұйымдастырған өнер қайраткерлерімен әңгімелесті.
Ақтөбеліктермен тілдескен облыс әкімі қаланың әрі қарай дамуын, тұрғындарына амандық, денсаулық пен бірлік тіледі.