АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА 378 КӘСІПКЕР «ASHYQ» ЖОБАСЫНА ҚАТЫСУДА

Ақтөбе облысы аумағында «Ashyq» жобасы 14-сәуірден бастап жұмыс істеп келеді. Қазіргі уақытта облыстың 512 кәсіпкері «Ashyq» жобасына қатысуға өтініш беріп, олардың 378-іне QR-кодтары жүктелген. Оған қоса 134 нысан тестілеу режимінде жұмыс жасап жатыр.

Бағдарлама енгізілгеннен бастап өңірдегі «Ashyq» жобасы арқылы «сары» мәртебесі бар 73 адам және «қызыл» мәртебесі бар 22 адам анықталған. 10-17-маусым аралығында ғана «қызыл» мәртебесі бар 3 және «сары» мәртебесі бар 11 адам анықталды. Бүгінгі күні «Ashyq» жобасынан басқа Аitu және Kaspi.kz. платформаларын да қолдануға болады.

«Ashyq» жобасын енгізудің негізгі мақсаты – коронавирус инфекциясының алдын алу, яғни ауру жұқтырған немесе байланыста болған адамдардың қоғамдық орындарға бару жағдайларын болдырмау