АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ӘКІМІ КӘСІПКЕРЛІККЕ КӨРСЕТІЛГЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН ТЕКСЕРДІ

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбе қаласындағы кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдауға ие болған бірқатар кәсіпорынның жұмысымен танысты. Өңір басшысы құрылысы мен жабдықталуына 2,9 млрд. теңге жеке инвестиция бөлінген «Самрұқ» мәдени-туристік орталығында болды. Жобаны жүзеге асыру аясында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 550 млн. теңге көлемінде жеңілдетілген несие берілді. Кешенде ұлттық тағамдар мейрамханасы, банкет залы және «Angel in Us» франшизасы бойынша мейрамхана бар. Нысан құрылысы аяқталып, пайдаланылуға берілді. Нәтижесінде 35 жұмыс орны ашылды. Ал «Ideal Plast Construction» ЖШС металл-пластикалық конструкцияларын шығаратын цех 70 адамды жұмыспен қамтып отыр. — Өнімдерді роботтандырылған-автоматтандырылған жабдықта шығарамыз. Бір жыл бұрын Нұр-Сұлтан қаласында филиалымызды аштық. Жалақы 200 мың теңгеден 500 мың теңгеге дейін. Мемлекеттің қолдауы арқасында өнім өндіру көлемі айтарлықтай артты, — дейді ЖШС құрылтайшысы Аркадий Яковлев. Бүгінде компания жылына 40 мың шаршы метрге дейін металл-пластикалық конструкциялар шығарады. Өндірісті кеңейту «Қарапайым заттардың экономикасы» бағдарламасы аясында 80 миллион теңге көлемінде жеңілдетілген банктік несие беру арқылы қолдау тапты. Сонымен қатар «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы бойынша 15,7 млн. теңгеге электр энергиясы жүргізілді. «Парус» ФЭ құрғақ бетон қоспаларын өндіру цехы да «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында 39 млн. теңге несиені субсидиялау түрінде қолдауға ие болды. — Құрғақ құрылыс қоспаларын, желім, гипс шығарамыз, ассортиментте өздігінен тегістейтін еден де бар. Бұл өнімдерге Ақтөбе мен Атырауда сұраныс жоғары. Цехта 7 адам жұмыс істейді, қазір жазғы маусымда олар 140-150 мың теңге жалақы алады, — дейді компания директоры Жомарт Едрешов. Сонымен қатар, Оңдасын Оразалин «Alina Group» ЖШС филиалының мәрмәр ұнтағын өндіретін жаңа цехында болды, ол айына 20 000 тоннаға дейін құрғақ құрылыс қоспалары мен лак және бояу өнімдерін шығарады. — Бізде өндірістің толық циклы жүзеге асады — өзіміз мәрмәр тасын алып, ұнтаймыз. Ұнтақты негізінен өз қажетімізге пайдаланамыз, алдағы уақытта сатуды жоспарлап отырмыз, — деді филиал директоры Виктория Охрамий. Цехтың ашу үшін кесіпкер «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы бойынша 400 миллион теңге көлемінде жеңілдетілген несие алған. Қазіргі уақытта өндірісте 400-ге жуық адам жұмыс істейді. Орташа жалақы — 240 мың теңге