АҚТАУДА ЖАҢА ШАҒЫНАУДАНДАРДЫ ИНЖЕНЕРЛІК ЖЕЛІЛЕРМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Бұл туралы Ақтау қалалық құрлыс бөлімі басшысының орынбасары Маңғыстау Қойшығұлов мәлімдеді.

Оның айтуынша бүгінде 18, 19, 35 шағынаудандары үшін ішкі газ желілерінің құрылысына мердігер мекемелер анықталған. Құрылыс монтаж жұмыстарын жүргізу үшін қаражат күтілуде.

Сонымен қатар, Каспий энергетикалық ХАБы «Жаңаөзен – Ақтау» магистралды газ құбырын салу желілері нысанының құрылысы жүргізілуде, нысан 2021 жылға өтпелі.

 

 

“Қазіргі уақытта 18 ш/а су, кәріз, жылу желілері және абаттандыру, Шығыс-2 ш/а және Шығыс-3 шағынаудандарында да инженерлік желілері нысанының құрылысы жүргізілуде. Бұл нысандар осы жылдың соңына дейін аяқталады. Ал, 16 ш/а, 18 ш/а, 19 ш/а, 19а, Шығыс-3 ш/а электр желілері нысанының құрылысы жүргізілуде.

Каспий энергетикалық ХАБы 110/10 кВ 2 қосалқы станциясын салу электр желілері нысанының құрылысы жүргізілуде, нысан 2021 жылға өтпелі.

Сонымен қатар, Каспий энергетикалық ХАБы 110/10 кВ 2 қосалқы станциясын «ГПП-4Г станциясына” қосу жобасы жасақталып, оң қорытындысы алынды. Құрылыс монтаж жұмыстарын бастау үшін қаражат күтілуде.

 

 

Ал, Каспий энергетикалық ХАБы 110/10 кВ 2 қосалқы станциясынан 18, 18а, 19, 19а, 20 ш/а электр желісімен қамту жобасы жасақталуда, 2021 жылдың 1 тоқсанында сараптаманың оң қорытындысы алынады”,- деді қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары М.Қойшығұлов.

Одан бөлек, КТҚ-1-ден ҚТҚ-2-ге дейінгі (кәріздік тазалау қондырғылары) арынды канализациялық коллекторын салу нысанының құрылысы жүргізілуде. Нысан 2021 жылға өтпелі.

Сонымен қатар, ол қазіргі таңда жобалық сметалық құжаттамасы дайын және жасақталып жатқан жобаларды да атап өтті.

Мәселен, 35 шағынаудан ішілік электр желісі (№ГНҚ-0129/18 от 05.12.2018г.);

«Жаңаөзен-Ақтау» магистралдық газ құбырының 4-ші тармағы үшін ЖМҚ әзір, құрылыс жұмыстары үшін қаражат сұратылуда.

16, 19, 20 және 35 ш/а желілерінің (су, кәріз, жылу, автожол) және 20а және 36-42 ш/а желілерінің (су, кәріз, жылу, газ, электр, автожол) жобалық сметалық құжаттамасы жасақталуда.

Аталған жобаның оң қорытындысын 2021 жылдың 1 -тоқсанында алу көзделген.

Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі