АҚШ пен Ұлыбритания арнайы күштерінің Зеленскийді Киевтен алып шығатыны хабарланды

Британдық арнайы әуе қызметінің 70-тен астам жауынгері және америкалық элиталық арнайы күштердің 150 әскери қызметкері Украина Президенті Владимир Зеленскийді Киевтен алып шықпақ 

Бұл туралы ең бірінші The Sun басылымы хабарлады. Басылымның мәліметінше, егер Зеленскийдің өзі сұраса, эвакуация түнгі уақытта жүзеге асуы мүмкін. Әзірге арнайы жасақ Литвадағы әскери базада Украинадан келген әскерилермен бірге дайындық өткізуде. Бұл ретте газет Украина басшысын қай елге эвакуациялайтыны туралы айтпады.

Бұған дейін Зеленский эвакуация туралы ақпаратты жоққа шығарып, халыққа жолдаған бейнеүндеуінде өзінің Киевте екенін және ешқайда кетпегенін мәлімдеген.

 turkystan.kz