Ақбұлымдық тұрғындардың талабы назарға алынды

Бүгін Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы мен Ақбұлым ауылдық округінің әкімі Ердос Бейсеновтың халық алдында есеп беру жиналысы өтті.

Есептік кездесуде ауыл әкімі Е.Бейсенов өткен жылдың жетістіктеріне тоқталды.
2021 жылы Түркістан көшесіне асфальттанса, Қани Органов, Абай көшелеріне қиыршық тас төселген. Жастар өтінішімен шағын футбол алаңы қолданысқа берілсе, стритворкут және балаларын, ойын алаңшасы салынған. Бұдан бөлек жұмыстар да жалғасын тапқан.
Ауыл әкімінің баяндамасынан кейін аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы өңірде атқарылған және биылғы жылы жүзеге асырылатын тірліктерге тоқталып өтіп, ақбұлымдықтардың талап-тілегіне құлақ түрді.

Өз кезегінде ауыл азаматтары көше асфальттау, ауыз су жүйесінің сапасы, Қали Органов, Жібек жолы көшелері жарықтандырылса деген талаптар қойды.

Тұрғындар тілегінен кейін сөз алған аудан басшысы Ерлан Қыдыралыұлы ауыл азаматтарының өтінішімен Досбол көшесіне асфальт төселетінін, ауыз су жүйесіндегі кемшілікті реттеу үшін сала басшыларына уақыт берді.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі