«Ақ жол» жәрдемақыдан қағылған кәсіпкер әйелдердің құқығын қорғады

30 маусым 2021 жыл, Қазақстан «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі

 

«Ақ жол» ММСҚ-ның ойдан шығарған негіздері нәтижесінде жүктілігі және босануы бойынша берілетін жәрдемақысыз қалған кәсіпкер әйелдерді қорғауды ұсынды. Фракцияның осы мәселе бойынша хаты бүгін вице-премьер Е. Тоғжановтың атына жолданды.

 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е.Л. Тоғжановқа

Құрметті Ералы Лұқпанұлы!

 

«Ақ жолға» әйел жеке кәсіпкерлер жүктілігі және босануы бойынша жәрдемақы төлеу мәселесі бойынша өтініш білдіруде. Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңға сәйкес олар сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылады және әлеуметтік қатер жағдайлары басталған кезде, оның ішінде — жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар.

Бірақ соңғы уақытта ӘМСҚ міндетті зейнетақы және әлеуметтік аударымдарды есептеу үшін табыстың сәйкессіздігімен түсіндіре отырып, жәрдемақының осы түрін тағайындаудан бас тартуда.

Сақтандыру туралы заң бойынша жеке кәсіпкер үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі – өзі дербес айқындайтын, бірақ салық салынатын кірістен аспайтын және тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақы 7 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс табыс сомасы.

Ал жеке кәсіпкер міндетті зейнетақы аударымдарын ең төменгі жалақыдан есептеуі мүмкін, бұл да зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңды бұзу болып табылмайды.

Бірде-бір заңнамалық актіде міндетті зейнетақы және әлеуметтік аударымдарды есептеу үшін кірістердің міндетті сәйкестігі көзделмеген. Бұл ретте салық есептілігін тапсыру кезінде де зейнетақы және әлеуметтік аударымдарды есептеу үшін табыстардың сәйкестігі талап етілмейді.

Қордың кәсіпкер әйелдерге жүктілігі және босануы бойынша жәрдемақы төлеуден бас тартуы бұл біздің азаматтарымыздың заңды құқықтарының бұзылуы деп санаймыз.

Осыған байланысты, кәсіпкер әйелдердің құқықтарын қорғауды және уәкілетті мемлекеттік органдарға жоғарыда көрсетілген негіз бойынша жүктілігі және босануы бойынша жәрдемақы төлеуден бас тартуды тоқтатуды тапсыруды сұраймыз.

Құрметпен,

«Ақ жол» фракциясының депутаттары