«Ақ жол» шетелдіктерді мемлекеттік сатып алуларға қатыстырмауды талап етті

27 мамыр 2020 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі

«Ақ жол» партиясы Еуразиялық экономикалық Одақтағы бәсекелестерге Қазақстанның мемлекеттік сатып алуларының жабық болуын талап етеді. Бүгін фракция депутаты Ерлан Барлыбаев тиісті депутаттық сауал жасады.

ҚР Премьер-Министрі

А.Ұ.Маминге

2015 жылы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына ЕАЭО елдерінің шетелдік бизнесіне қазақстандық кәсіпкерлермен тең негізде мемлекеттік сатып алуға қатысуға рұқсат беретін ұлттық режим тұжырымдамасы енгізілген болатын.

Алайда, коронавирустық пандемия әлемдік экономикаға, оның ішінде біздің елімізге де зардабын тигізуде. Үкімет экономикалық өсуді қалпына келтіру үшін бірқатар шаралар қабылдағанына қарамастан, бүгінде отандық бизнесті қолдау ерекше маңызды болып отыр. Қазіргі таңда қазақстандық бизнес мемлекет тарапынан ерекше назар мен қорғауды қажет етеді.

Сол 2015 жылы Үкіметтің ерекше жағдайларда ұлттық режимнен екі жылдан аспайтын мерзімге тәркілеу құқығы бекітілді.

2018 жылы аталған Заң «ерекше жағдайлар» мен конституциялық құрылыстың негіздерін қорғау, елдің қорғанысы мен мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ішкі нарықты қорғау, ұлттық экономиканы дамыту және отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында тәркілеу жүзеге асырылатындығын нақтылады.

«Ақ жол» демократиялық партиясы ұлттық бизнестің позициясын білдіре отырып, «ерекше жағдай» келді деп мәлімдейді.

Іс жүзінде мұны Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында мемлекеттік сатып алулар мен квазимемлекеттік секторды сатып алуда ұлттық мүдделердің басымдылығы қажеттілігі туралы айтқан кезде атап өтті.

Айта кету керек, мемлекеттік сатып алулар, квазимемлекеттік сектор мен жер қойнауын пайдаланушылар нарығы шамамен 14 триллион теңгені құрайды!

Бұл алып нарық ұлттық мүддеге қызмет етсе қазіргі дағдарыс жағдайында мыңдаған отандық кәсіпкерлер үшін өте тиімді бола алады.

Ал, отандық бизнесті қорғау шараларын жүзеге асыруды кейінге қалдыру, керісінше, қазақстандық кәсіпорындарды қажетті қолдаусыз қалдырады.

Осы нарықтың көп бөлігін құрайтын ірі шетелдік жер қойнауын пайдаланушылармен келіссөздер де осы жұмыстың бір бөлігі болуы керек. Сонымен бірге шикізат саласында шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі республикалық деңгейден орташа есеппен 2 есе төмен екендігін көрсетеді. Бұл шетелдік инвесторлар Қазақстанның табиғи ресурстарын пайдаланудан түсетін кірісті инветорлардың біздің елімізде шығарылатын тауарлар мен материалдарды шетелде сатып алуға жұмсайтынын білдіреді.

Индустрияны дамыту қорын қаржыландыру үшін Президент ұсынған серпінді өндірістік жобалар дәл осы әлеуетті тапсырыс берушілерге арналуы керек. Біздің ойымызша, Қазақстанның табиғи ресурстарын өндіретін шикізат алпауыттары осы қор жобаларының бастапқы және ұзақ мерзімді тұтынушылары болуы керек.

Осыған байланысты «Ақ жол» депутаттық фракциясы дағдарыстан кейінгі экономикалық қалпына келтіру үшін:

1) мемлекеттік сатып алудың ұлттық режимінен шетеледік, соның ішінде ЕАЭО елдерінің өндірушілерін шығару мүмкіндігін қарастыру;

2) квазимемлекеттік сектор субъектілерін және ірі шетелдік жер қойнауын пайдаланушыларды отандық өнімдерге басымдық беруге міндеттеу қажет деп санайды.

Қазіргі жағдайда елдердің барлығы дерлік осындай шешімдер қабылдағанын атап өту қажет деп санаймыз.

Қазақстан Тәуелсіздіктің отыз жылдығы қарсаңында шетелдік серіктестердің ұлттық мүддеміздің қорғауын талап етуге құқылы.

Құрметпен,

«Ақ жол» фракциясының депутаттары