Аппараттық кеңес өтті

Бүгін аудан әкімінің аппараттық кеңесі өтті. Онда үш мәселе қаралды. Атап айтсақ, азық-түлік бағасын тұрақтандыру, оның қауіпсіздігі, ауданда электр қуатын тарату, трансформатарлардың жәй күй және білім ордаларында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Аталған мәселелер бойынша бөлім басшылары баяндама жасап, атқарылған жұмыстарға, кемшіліктерге тоқталды. Ауданда азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ахан Алтынбаев тұрақты түрде азық түлік бағасына зерделеу жұмыстары жүргізіліп тұратындығын айтты. Осы жылдың үш тоқсаны бойынша аудандағы «Қуаныш» дүкені ең жоғары бағамен саудаласа, «Корзина» дүкені төменгі бағамен тауар сататыны анықталған. Екінші мәселе бойынша білім бөлімінің басшысы Айгерім Алтынбаева сөз сөйлеп, аудан бойынша 36 жалпы білім беретін мектеп, 1 кешкі мектеп, 28 бөбекжай және 7 мектептен тыс ұйым қызмет атқаратынын, 36 мектепте 661 дана камера орнатылған баяндады. Сонымен қатар, 16 мемлекеттік және 12 жеке меншік балабақшаларда 349 дана, 7 мектептен тыс мекемелерде 62 дана бейнебақылау камералары қалыпты жұмыс істеуде. Бейнебақылау камераларының ақпаратты сақтау мерзімі 30 тәулікті құрайды. Цифрлық камералар саны -82, аналогтік камера саны -579. Сонымен қатар, 16 мектептің (А.Асқаров МГ, №3,4,5,6,7,М.Әуезов МЛ, 11, 14, 17, 18, 20, 21, 39, №44,№48) бейнебақылау камералары аудандық полиция бөлімінің жедел басқару орталығымен интеграцияланғанын айтты. Ал, электр тарату мәселесі бойынша ТҮКШ бөлімінің басшысы Ербол Әкек сөз сөйлеп, аудан аумағында орналасқан елді мекендерге зерделеу жұмыстары жүргізіліп нәтижесінде қуаттылығы төмен аумақтарға қосымша қосалқы трансформатор орнату үшін Сарымолдаев ауылдық округіне қарасты Низами, Байназаров, Жандосов көшелеріне, Кентай ауылы Кентай көшесіне, Талдыбұлақ ауылына сметалық құжаттама әзірленіп, қажетті қаражатқа бюджеттік өтінім берілгенін айтты. Жалпы ауданда бүгінгі күнде 584 КТП тіркеуде бар екен.

Ләззат Серікбай, Меркі ауданы