«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫНДА «ВОКАЛ» ҮЙІРМЕСІ АШЫЛАДЫ

Жағымды жаңалық! 1 тамыздан бастап «Анаға тағзым» орталығында «Вокал» үйірмесі ашылатынын хабарлаймыз!
Үйірме жұмысы аптаның сәрсенбі және жұма күндеріне қойылып отыр. Сағат: 09:00-10:00; 11:15-12:15; 15:00-16:00 және 16:00-17:00 осы уақыт аралықтарында сабақ өтеді. «Вокал» үйірмесінен Игіліков Дидар Ақылбекұлы дәріс беретін болады.
Жазылам деушілерге есік ашық, оқу тегін. Қабылдау басталды. Жас ерекшеліктеріне қарай топтарға бөлінеді, мәселен: кіші топ: 6-12 жас аралығын; орта топ: 12-17 жас және 18-29 жас аралығын; ал жоғары топ: 30+ жас аралығын қамтиды.
Ескерте кететін жәйт, алғашқы орындарға көп балалы және аз қамтылған отбасы мүшелері қабылданады. Орталықтың байланыс нөмірі: 8(7262)96-32-61

Анаға Тағзым Орталығы