Ана тілін менсінбейтін арсыздар

Ана тілін менсінбейтін арсыздар,
Әлі біздің арамызда барсыздар.
Тамырынан ажыраған қансыздар,
Бар намыстан жұрдай болған жансыздар.

Әншейінде кеуде керген, паңсыңдар
Ана тілде сөйле!- десем, таңсыңдар.
Доңызда емес қорасында қорсылдар
Танымы жоқ, нанымы жоқ аңсыңдар.

Өз елінде, өзгелерге басұрған,
Ар-намыстан ада болған ант ұрған.
Сен ұрпағы емес пе едің алаштың,
Арпалыста сан жығылып, сан тұрған.

Өзге тілде шүлдірлеген, шатылған,
Сен ұрпақсың, айдың-күннің аманында сатылған.
Ел деп ерлер еңіреп таң атырған.
Ана тілін ардақтаймын деп атылған.

Өзіңді жау, өзгелерді дос қылған,
Қасіретсің, ұрпағыңа қас қылған.
Арылмасаң ауыр дерттен асқынған,
Құрбанысың қаскөйлердің мас қылған.

Жасқанатын әр кімдерден басқа ұрған,
Бұралқы ит боп тумасаң сен қасқырдан.
Жұртқа қосыл, ел болуға талпынған,
Аласармас одан сенің «тау тұлғаң»…

МӘҢГҮРТ болма — МӘҢГІ ҰЛТ бол!

Авторы: Мұқтарбек Тұрысбекұлы

Мұқтарбек Айттың фейсбук парақшасынан