Алматы –Ташкент тас жолындағы жол апаты

Жамбыл облысы ТЖ департаментінің базасында Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылынан 6 шақырым қашықтықта Алматы –Ташкент тас жолының 571 шақырымында жол апатына түскен Өзбекстан Республикасында тіркелген жолаушылар автобусында болған жолаушылар мен жүргізушілердің туыстары мен жақындарына психологиялық көмек көрсету бойынша жедел желі телефондары ашылды.
Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері оқиға орнында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуде. Өрт сөндіру қызметінен барлығы 38 қызметкер мен 10 бірлік техника және Апаттар медицинасы орталығының 2 қызметкері мен 1 бірлік техникасы жұмылдырылды. Оқиғаның нақты себептері құзыретті органдармен анықталады.
Жедел желі телефондары 8 (7262) 51-35-75, 51-41-67
Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті