Алланың алдындағы жеңімпаз арулар

Қыздар арасындағы тұнғыш Республикалық қасиетті Құран жарысын қорытындысы шықты. Қазылар алқасы қарилардың Құран жаттауы, тәжуид ережелерін сақтауы, дауыс ырғағына мән беріп үш бағытта бағалады. Ақтық сынға шыққан 35 қари қыз-келіншектердің  21-і жүлделі орындарға ие болды. 3 жарым млн. теңге жүлде қорынан жарысқа қатысқан барлық қариларға ынталандыру сыйлығы мен ақшалай сыйақы берілді. Сондай-ақ ақтық сынға өткен барлық нәзік жанды қариларға көтерме сыйақы берілді. 

қари қыздар222Олардың ортасынан Республикалық I Құран жарысында бір пара бойынша  16 жасқа дейінгі қызар мен бүлдіршіндер сайысына  жалпы 38 қари қатысып, оның 5-і финалға өтіп, жерлесіміз  9 жасар Ермекқазы Әмина –  1-орын алса, тағы жерлесіміз жерлесіміз 8 жасар Бейсекенова Ясмин  2-орын жүлдесін қанжығасына байлады.

Бұның өзі облыстық орталық  «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің діни білім берудегі еліміздегі озық үлгісінің көрсеткіші екені даусыз.  Осы орайда шәкірттерді сайысқа дайындау, жаттықтыру ісінде мешіт ұстазы Қарлығаш Қажымәлікқызының ерекше еңбегі болғанын айта кетуіміз керек.

Аруларымыздың, әпке-қарындастарымыздың арасында болған бұл жарыста жеңілуші жоқ. Себебі, әрқайсысы жүрегінде Құран арқалаған арулардың барлығы Алланың құзырында жеңімпаз. Бір-бір шаңырақтың берекесін келтіруші келіншектер мен  болашағынан зор үміт күттіріп отырған бүлдіршін қыздарде ертеңгі еліміздің имандылығын арттыратынына сенім мол.

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

—————————————————————————————————————————————-

«ЕлАна» ақпараттық агенттігі тұңғыш рет қыз-келіншектер арасында өткен Республикалық Құран жарысында жүлделі І және ІІ орындарға ие болған павлодарлық арулар мен олардың ұстазы Қарлығаш Қажымәлікқызын жеңістерімен құттықтайды. «Қиямет күні ата-аналарына алтыннан тәж ұсынатын ұрпақ» деп хадисте сипатталғандай, ілімнің төресі Құранға үңілген, оны Алланың ризалығы үшін жаттаған нәзік жандыларымызға екі дүниенің жақсылығын тілейміз!