Алланың құлын жақсы көретіндігінің белгілері қандай?

Кез-келген мұсылман үшін ең ұлы мұрат – Жаратқан Иеміздің сүйіспеншілігіне бөлену. Сондықтан әр кездің бұл дәрежеге лайық болып-болмағандығын білгісі келуі заңды. Әрине, бұл мәселені пенделердің ақылы мен қалауына тапсырсақ өлшемдер әр қилы көрініс табады. Хақ Тағала мұны білудің өлшемдері мен талаптарын Құран Кәрім және пайғамбар сүннеті арқылы тәлім еткен. Енді сол өлшемдер негізінде жауап беруге тырысып көрелік.

  1. Хақ Тағаланы жақсы көру:Құран Кәрімде: «Алла оларды жақсы көреді, олар да Алланы жақсы көреді»,– делінеді (Маида, 54).
  2. Жақсылық жасау: «Алла Тағала жақсылық жасаушыларды жақсы көреді» (Мәида, 13).
  3. Күнәларына тәубе етіп, кешірім сұрау:Жартушы иеміз: «Алла тәубе етушілерді жақсы көреді әрі тазаланушыларды жақсы көреді»,– дейді («Бақара» сүресі 222). Сахаба Әнас ған Алланың сәлемі болсын): «Алла Тағала бір құлын жақсы көрсе, күнәлары оған зиян тигізбейді. Күнәларына тәубе етіп шынайы өкінген адам күнә жасамаған секілді болады»,– деп осы мәселені қуаттай түседі.
  4. Алланың елшісіне бағынып, соңынан еру: Құранда: «Егер Алланы жақсы көрсеңдер маған мойынсұныңдар, сонда Алла да сендерді жақсы көріп, күналарыңды кешіреді»,– деп айт»,– делінеді (Али Имран, 31). Демек, Алла Тағаланың пендесін жақсы көргендігінің негізгі белгілерінің бірі Алланың өзі таңдап, көркем мінез-құлықпен безендіріп жіберген Пайғамбарымыздың ізінен еру болмақ.
  5. Алланы көп еске алу:Пайғамбарымыз «…Кім Алланы көп еске алса, Алла да оны жақсы көреді», – дейді.

Ауыр сынақтарға душар болу: Пайғамбарымызған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Алла Тағала бір құлын жақсы көрген кезде оны әр түрлі қайғы-қасіретке душар етеді. Пенде сабырлық көрсетсе одан риза болады», – деген әйләми). Тағы бір хадисте: «Алла Тағала бір құлын жақсы көрсе оны түрлі қасіретке ұшыратады»,– делінген (Табарани). «Сынақтың ең аурына әуелі пайғамбарлар тап болады, одан кейін келген адамдар дәрежесіне қарай…» деген хадис те бұны қуаттайды. Сол үшін де тақуа, әулие кісілер өмірлері тым жеңіл, қиындықсыз өтіп жатса «Алла Тағала мағана ашулы ма екен?» деп уайымға салынады екен.

  1. Алланың разы болған құлдарының белгілерінің бірі — пендесін жақсы істерге бет бұрғызып, жамандық пен күнә атаулыдан сақтауы. Бір хадисте: «Алла Тағала сүйген пендесінің жүрегіне жақсылыққа бағыттап, жамандықтан алшақтатар күш-жігер береді», – делінген (Дәйләми).
  2. Парыздарды кемшіліксіз орындап, нәпіл құлшылықтарға құмар болу: Әбу Хурайрадан риуаят етілген бір хадисте: «Пайғамбарымыз: «Алла тағала: «Кімде-кім менің әулие құлыма жауласса мен де оған соғыс жариялаймын. Пендемді маған жақындататын нәрселердің арасында маған ең ұнамдысы парыз еткен нәрселерді орындауы. Пендем маған нәпіл құлшылық жасау арқылы жақындай түседі де нәтижесінде сүйіспеншілігіме бөленеді. Оны мен жақсы көрсем еститін құлағы,  көретін көзі,  ұстайтын қолы, жүретін аяғы боламын. Менен қандайда бір нәрсе сұраса, сұрағанын беремін, менен пана тілесе, пана болып, қорғаймын…» (Бұхари, Риқақ 38). Осы хадистен мынадай ерекшеліктерді де атап өтуге болады:

А. Кез келген ісін Жаратқанның разылығына сәйкес атқаруы. Өйткені хадисте Алла тағала жақсы көрген құлының «көретін көзі, еститін құлағы, ұстайтын қолы, жүретін аяғы» болатындығы баяндалады.

Ә. Сұраған нәрсесі беріледі. Яғни дұғасы қабыл болады.

Б. Пана сұраса, әрдайым пана беріледі.

Әулие – Алланың сүйкті, тақуа құлдары. Хадистің тілімен айтсақ, «Оларды көргенде Алланы еске түсіреді» (Насаи, Сүнән, Тәфсир, 180)

  1. Барлығының оны жақсы көруі:Әбу Хурайрадан риуаят етілген бір хадисте Пайғамбарымыз ған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Алла бір құлын жақсы көрсе, Жебрейілге: «Алла пәленшені жақсы көреді сен де оны жақсы көр»,-дейді. Жебрейіл оны жақсы көріп көктегілерге «Алла пәленшені жақсы көреді, сендер де оны жақсы көріңдер»,-дейді де көктегілердің бәрі оны жақсы көре бастайды. Содан кейін жер бетіндегілер оны жақсы көреді» (Бұхари, Муслим). Адам баласы қоғамдағы орнына қарай отырып Жаратқанның алдында қадірінің қандай екенін толық біле алмағанымен де шамалап тұспалдай алады.
  2. Алла үшін бір-бірін жақсы көру, көңілін сұрау,көмектесу:Пайғамбарымызған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде Алланың разылығының бір-бірін Құдай үшін жақсы көргендерге, бір-бірінің көңілін сұрағандарға, бір-біріне көмек қолын созғандарға міндетті болатындығын айтқан.

Осы келтірілгендердің бәрін қорытындылар болсақ, Алла Тағала Өзінің бұйрықтарын қалтқысыз, риясыз орындап, күнәлі істерден бойын аулақ салуға барлық күш-жігерін салған, Хақ Тағаланы бәрінен артық жақсы көрген шынайы мұсылмандарды жақсы көретіндігін сеніммен айта аламыз.