Әлеуметтік қызметкерлер — алғыс арқалайтын мамандық.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2008 жылғы 29 желтоқсандағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты № 165 бұйрығы, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы» №279 бұйрығы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы №379 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №197 бұйрықтарының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында бөлімнің «Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі» 82 мүгедек балалар мен мүгедектерге және 27 жалғыз басты қарттарға тұрмыстық, медициналық, психологиялық, педагогикалық, мәдени, экономикалық, еңбек, құқықтық қызметтер түрлері көрсетіледі.
Үйде арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылған 82 қызмет алушының әр қайсысына жеке қажеттіліктеріне сәйкес жеке жұмыс жоспарлары әзірленеді. Әр баланың даму ерекшелігіне қарай жеке жұмыс жоспарының орындалу мониторингі толтырылады. Осы аталған қызмет түрлеріне 23 – әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетеді. Демеушілер тарапынан мереке күндері мүмкіндігі шектеулі жандарға сыйлықтар мен азық-түліктер беріліп тұрады.
Сонымен қатар бөлімшеге қарасты 27 жалғызілікті қарттарға үй айналасын тазалау, егін егетін жерлерін дайындап және егін егу жұмыстарын жүргізді. Байзақ ауданының Ішкі саясат бөлімінің ішіндегі жастар орталығының ықпалымен Байзақ колледжінің студенттері де ат салысты. Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға ерекше қамқорлық көрсету біздің әлеуметтік қызметкерлердің басты міндеті.