Алаш тас жолы 2 тамызға дейін жартылай жабылады

Елорда тұрғындары мен қонақтары маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты. Алаш тас жолында Бөгенбай батыр даңғылындағы жол өткелінен Жолымбет көшесіне дейін құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады, деп хабарлады қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы. Осыған орай, 17 шілде мен 2 тамыз аралығында жол қозғалысын жартылай жабу жоспарланған. «Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», – деді басқармада.