Ақтөбе облысында Мөңке бидің 350 жылдығы атап өтілуде

Ақтөбе өңірінде танымал би, жырау, ойшыл Мөңке би Тілеуұлының 350 жылдығына орай жоспарланған шаралар басталып кетті.
🔹Мерейтой аясында ұлттық мұраны сақтау мен дамытуға бағытталған ауқымды мәдени, ғылыми және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, Мөңке бидің өмірі мен мұрасына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, ұлттық спорттық ойындар, жыр және мүшәйра байқаулары, ұлт аспаптар оркестрінің кең көлемдегі концерті көрермен назарына ұсынылып отыр.
Іс-шараларға Қазақстан мен шетелден келген ғылым, мәдениет және саясат қайраткерлері, сарапшылар шақырылған.
Бүгін, таңертең қонақтар Мөңке би ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Салтанатты гүл қою рәсіміне облыс әкімі Асхат Шахаров та қатысты.
Мерейтойлық шара Өнер орталығында жалғасты. Мұнда «Мыңжылдықты болжаған Мөңке би» ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияда сөз алған облыс әкімі Асхат Шахаров ұлы тұлға, данышпан би, ағартушының есімін ұлықтаудың маңыздылығын атап өтіп, оның даналығы мен әділдігі бүгінгі және болашақ ұрпақ үшін үлгі болып қала беретінін айтты.
💭«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Құрылтай отырысында: «Біздің көрнекті тарихи тұлғаларымыз ұлықтауға әбден лайық. Олардың есімін ел жадында сақтау – перзенттік парызымыз әрі жалпыұлттық болмысымызға тән қасиет», – деп атап өткен болатын. Жеті жасынан тура билік айтып, тыңдағанды ұйытқан Мөңке би – Мемлекет басшысы атап өткен көрнекті тарихи тұлғалар қатарында.
Мөңке Тілеуұлы – өз дәуірінің ғана емес, келер ұрпақтың да кемеңгеріне айналған тұлға.
Баба өсиеті халқымыздың бірлігін нығайтып, жас ұрпақтың жарқын келешегіне қызмет ете беруіне тілектестік білдіремін», – деп атап өтті әкім құттықтау сөзінде.
Мөңке бидің 350 жылдығы тек өңір тұрғындары үшін емес, бүкіл ел үшін маңызды оқиғаға айналып, қазақ халқының рухани мұрасын, тарихи жады мен мәдени болмысын сақтаудың маңыздылығын айқындап отыр.
⚜️В Актюбинской области отмечается 350-летие Мөңке би
В Актюбинском регионе начались праздничные мероприятия, посвященные 350-летию со дня рождения казахского бия, жырау и мыслителя Мөңке би Тілеуұлы.
🔹В рамках юбилея организованы масштабные культурные, научные и спортивные мероприятия, направленные на сохранение и развитие национального наследия. В частности, проходит международная научно-практическая конференция, посвященная жизни и наследию Мөңке би, а также национальные спортивные игры, конкурсы жыршы и мүшәйра, концертные выступления казахских оркестров и концертные программы с участием потомков великого бия.
В торжествах принимают участие видные деятели науки, культуры и политики, эксперты из Казахстана и зарубежных стран.
Сегодня утром гости возложили цветы к памятнику Мөңке би. В церемонии принял участие и аким области Асхат Шахаров.
Юбилей продолжился в концертном зале «Өнер орталығы». Там прошла международная научно-практическая конференция «Мыңжылдықты болжаған Мөңке би».
Выступая на конференции, аким области Асхат Шахаров отметил важность сохранения памяти о великом мыслителе, справедливом бие и просветителе, подчеркнув, что его мудрость и справедливость остаются примером для нынешнего и будущего поколений.
💭«Глава государства Касым-Жомарт Токаев на заседании Национального курултая отметил: «Наши выдающиеся исторические личности достойны увековечивания. Память о них – неотъемлемая часть общенациональной идентичности, хранить ее – наш гражданский долг».
С семи лет Мөңке би выносил справедливые решения и умел одним словом удержать внимание слушателей. Он одна из тех ярких исторических фигур, о которых говорил Президент.
Мөңке Тілеуұлы стал не только выдающимся сыном своей эпохи, но и мудрецом для грядущих поколений.
Пусть заветы великого бия укрепляют единство народа и служат во благо светлого будущего молодежи», — отметил аким в поздравительной речи.
350-летие Мөңке би стало значимым событием не только для жителей региона, но и для всей страны, подчеркнув важность сохранения духовного наследия, исторической памяти и культурной самобытности казахского народа.
Ақтөбе облыс әкімдігінің баспасөз қызметі