Әкімнің уәдесі 50 күннің ішінде орындалуда

Жуырда ғана, яғни осыдан 50 күн бұрын Қарой ауылдық округіндегі білім ордасында өткен аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлының кездесуінде Кемел ауылы тұрғыны, ҰОС ардагерінің немересі Орынбасар Меңдібаев ауылға халқы үшін жанын садақа еткен батырларымызға арналып, ауылда ескерткіш тақта орнатылса деген тілегін білдірген болатын.
Бірқатар қаһармандар туып өскен елді мекеннің өтінішін назарға алған өңір басшысы сол кездесу уәдесін берді.
Арада 7 апта өтіп, жергілікті бюджеттен бөлінген 1,5 млн теңгеге «Береке» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ескерткіш тақта құрылысын бастады.
Бүгінде жұмыстар аяқталуға жақын қалған. Абаттандыру, әрлеу жұмыстары аяқталар болса, ауылдықтар қол жайып, әруақтардың рухына құран бағыштамақ.

Жамбыл ауданы әкімдінің баспасөз қызметі