Әкенің баласына ықпалы 3

Өзіңе деген сенімсіздік
Егер ананың қызметі «құнарландыру», қамтамасыз ету және қамқорлық таныту болса, онда әке қорған, сенімділік, қауіпсіздік, тамырды терең жаю болып шығады. Ту сыртымда әкем бар деген ұғым, артымда елім бар деген сенім болады. Түрлі себептердің кесірінен осы қолдауды сезінбей өссек, күрделі, қауіпті әлемнің алдында қорғансыз қалмақпыз. Қорғансыз ғана емес, қуат берілмей қалады – тектің қуаты, ерлердің қуаты, әкенің қуаты. Бұл өте маңызды ресурс. Сондықтан адамның өзіне сенімсіздігі өрбиді. Қорғансыздығы сезіледі. Тірегім жоқ деп өмір сүреді. Көбіне бұл «қуатсыз қалуға» соқтырады. Өмір сүруге қорқады. Алға қадам жасауға қорқады. Себебі, өмір сүрудің күш-қуаты әкеден дариды.
Әкенің лайықсыз қызметінен (қолдау көрсетпейді, жартылай не бүтіндей бала өміріне араласпай кетуі, не әкелік борышын атқарудан басын алып қашады);
Не әке деструктивті (балаға берудің орнына алады, қорғаудың орнына шабуылдайды, үйретудің орнына күлкі-келемежге айналдырады);
Бұл әкесінің тарапынан. Бірінші, екінші жағдайда да – тіпті кейбір бейпіл қылығына қарамастан тәп-тәуір әке болған болса да, кей бала әкесінің қолдауынан мүлде бас тартады. Бас тартса, бүкіл деструктивтілік оның өміріне әсерін тигізеді. Тағы бір ескерту: мұндай жағдай кейде әке мен бала арасындағы ауыр қарым-қатынас кезінде де болуы мүмкін, кейде анасының пікіріне қатты құлақ асатындықтан орын алады. Анасы әкесіне қарсы болса, әлде жалпы еркек атаулыға нашар пікірде болса, балаға сол берілуі ықтимал.
Пациенттердің көбіне әкеңе көзқарасың қандай деген сұрақ қойғанда, «Мен оған ештеңе сезінбеймін», «Оның істегенінен кейін қандай көзқараста болуым керек?», «Ол адамнан ештеңе керек емес», «Менде әке жоқ» дегенді жиі естимін.
Адам дүниеге келу үшін ана мен әке бірдей әрекет ететінін ұмытқандай. Осындай пікірде өскен балада әкелік қолдау тоқтайды. Өзіне сенімділік, күш-қуатын еселеу болмайды. Ана өмір сыйлайды, әке өмір сүретін күш береді. Қалай болғанда да адамның бәрінде әке бар. Қандай адам болса да, ол сенің әкең болып қала береді. Кеңес беретін кезде әкенің рөлін енгіземін, адамның көзқарасының қалай өзгеретінін байқаймын.
Пациенттің өмірінде қандай қиындықтар болса да, әкесі мен анасы бір-бірін жақсы көрген сәттер болғаны анық. Сол махаббаттың нәтижесінде баласы дүниеге келді ғой. Тіпті бұл махаббат ұзаққа созылмаса да… Бала деген махаббаттың жалғасы, жемісі, ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын жалғастығы дегенге сенімдіміз. Біз қаласақ та, қаламасақ та бұл жалғастық біздің бойымызда бар. Мейлі, ол күйеу болып жарытпасын, жақсы әке болып қарық қылмаса да, ол бар болды.
Дегенмен, «жаман әкеден» бас тарту әр пациенттің өз қолында. Бұл көзқарасты конструктивті жолға тек өзі ауыстыра алады.
(жалғасы, басы өткен жазбада, жалғасы бар)
Мария Летучева
Аударған Шынар Әбілда