Айтпасам дінім күйеді

Қазақтың салт-санасы, дәстүр-ғұрпы ислам дінімен біте қайнасқан ел. Исламнан еш зиян көрмеген жұртпыз. Соңғы есепке қарасақ Қазақстан халқының 80%-ға жақыны өзін мұсылманмын деп белгілеген. 2,5 % пайызы атеист, қалғаны өзге сенімде.
Алайда, әлеуметтік желідегі дінге, дінұстанушыға қарсы жазылған жағымсыз жазбалар мен жалаларға қарасаң олай емес пе деп қаласың. Жағаңды ұстайсың. Әлде, әлгі аздаған атеистің жазбасына, білсе де, білмесе де жамырап пікір жазып көп көрініп тұр ма?! Әйтеу дінге қарсы жұрттың қарасы көп.
Бұл жақсы емес. Дін Алланыкі. Онымен алысуға болмайды. Оны ойыншық қылуға тыйым салынған. Кемел діннің кәләм сөздерін келеке қылған оңбайды. Алладан қорқыңдар!
Біреу дәлел-дәйексіз жаза салған сандыраққа ере кетіп, өре түрегелуді қою керек. Біз исламды саналы түрде қабылдап, сан ғасырдан бері ата дініміз деп қастерлеп келеміз. Ниеті қара келімсектің кесірін қостап, сүттей ұйыған еліміздің берекесін кетіруге жол бермеуге шақырамын!
“Алланы — Раббым. Исламды — дінім. Мұхаммедті — Пайғамбарым” деп риза болдым. Сіз де, осы үш сөзді айтып жүрегіңізге тыныштық сыйлаңыз!
Мен мұсылман болғаныма мақтанамын!
Сурет фейсбук парақшасынан алынған