Айшабибіде 300 орынды мектеп ашылды

Дәстүрлі оқу жылының басталуына орай Айшабибі ауылы тұрғындарының өтінішімен 300 орынды №7 орта мектеп ел игілігіне беріліп, білім ордасында алғашқы қоңырау соғылды.

22 кабинеттен тұратын білім ордасына жаңа оқу жылы қарсаңында 407 оқушы білім алса, оларды 43 ұстаз білім нәрімен сусындатпақ.

Екі автобус оқушыларды тасымалдайды.

Жаңа мектептің ашылуына Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Марат Жаңабекұлы мен облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы Бейқұт Жамангөзов және жергілікті басшылар қатысып, мұғалімдер мен оқушыларға сәттілік тілеп, ізгі лебіздерін білдірді.

Биыл өңірімізде 1468 оқушы алғашқы сыныпқа, 837 оқушы 11-сыныпқа баратын болса, жалпы 16589 оқушы мектептерде білім алады.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі