Айфон қолданушылардың 6 қателігі

Нарықта қымбатқа бағаланатын телефоны барлар төменде біз келтіретін мысалдарға көп назар сала бермейді.

  1. Смартфонды аптасына бір рет сөндіріп тұру керек.  Ұзақ уақыт бойы қолданылмаса да, сөндірмей ұстаған телефонның аккумуляторы тез істен шығатынын ескертеді.
  2. Қалтафоныңызды түні бойы қуат көзіне қосып қоймаңыз. Бұл әдіс телефон батареясының тез бұзылуына алып келеді. Сондай-ақ, «айфонның» қуаты да тез таусылатын болады.
  3. Сондай-ақ кез келген телефонды 0 градустан төмен ауа-райында пайдаланбағаныңыз жөн. Жазды күндері +30 градус та кері әсерін тигізеді.
  4. Зарядтағыш құрылғысы істен шыққан кезде, арзанын сатып алмаңыз, ол да телефоныңздың тезірек бұзылуына әсерін тигізеді.
  5. Айфонды жиі тазалап тұрған жөн. Жұмсақ матамен сүртіп, жалтыратып қойғаныңздың өзі телефонға оң ықпал етеді. Сондай-ақ, зарядтағыш құрылғыны да тазалап тұрыңыз.
  6. Мекен-жайыңызды анықтайтын қызметке рұқсат берген кезде телефонның батареясы тез отырады. Оған әртүрлі бағдарламадан келетін push-хаттар да әсерін тигізеді

ҚазДала кз.