Айдын Рахымбаев туған ауылының барлық тұрғындарына көмек көрсетті

Елімізде коронавирус пандемиясы кезінде орын алған төтенше жағдайда жерлестерін ұмытпай, Нұр-Сұлтан қаласынан тағам тиелген арнайы жүк көліктері  200 қап ұн, 200 дана 5 литрлік сұйық май  және 200 дана 5 келілік макарон өнімдерін ешкімді бөле-жармай барлығына үлестіріп берді.

Тұрғындар өз  ауылынан шыққан азаматқа шынайы алғыстарын білдірді.

Көп балалы ана Райхан Құсаинова «Осындай қиын кезде, алыста жүрседе, бізді, жерлестерін  ұмытпай, көмегін берген Айдын мырзаға ризашылығымы шексіз. Әрқашанда тек осындай жағдайда ғана емес, үнемі кіндік қаны тамған туған ауылына қол ұшын беріп тұрады» дейді.

Елімізге жомарттығымен де танылған Айдын Жұмаділұлы жалпы Көкпекті ауданына жан-жақты көмектер көрсетіп тұрады.

Бүгінгі күні оның демеушілігімен үш жыл бойы Құлынжон ауылындағы орта мектептің барлық оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр.

Сонымен қатар 2016 жылы 108 бала оқитын осы мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп берген. Және ауыл тұрғынадрына қажет трактор тіркемесімен сыйға тартқан.

Үнемі жырақта жүрседе туған жерін ұмытпаған азаматқа Құлынжон ауылдық округының әкімі Самарқан Демесінұлы «Айдын мырзаның жомарттығында шек жоқ.

Ауылы десе ішкен асын жеге қоятын азамат. Тек біздің ауылға немесе ауданға ғана емес, еліміздің әр түкпіріндегі жандарға қол ұшын беруде. Міне бүгін ауылымызға  Өрт сөндіру көлігін тарту етті. Біз осындай азаматызбен мақтанамыз және кейінгі буынға үлгі етудеміз» деді Самарқан ағамыз.

   Иә, үлкен байлықпен адамға үлкен қайырым бітпейді, керісінше, үлкен қайырымдылық – жинаған байлығыңды абыройлы етеді.

Айта кетейік коронавируспен алдыңғы шепте күресіп жүрген ақ халатты абзал жандарды қолдау мақсатында  Айдын Рахымбаев  елімізде алғашқылардың бірі болып 100 миллион теңге бөлген болатын.

Сонымен қатар  медициналық қызметкерлерге  Нұр-Сұлтан қаласындағы «HILTON» қонақ үйін пайдалануға берген еді.   

Қуаныш Рахметоллаұлы

Семей қаласы