Адасқан Ата заң күн!

1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған Қазақстан Конституциясы бүгінде ит тартқан тулаққа ұқсайды. О бастағы ұлттық концепциясынан мүлде ажырап қалды. 1990 жылы 25 қазанда қабылданған Егемендік туралы Декларациясында көзделген Қазақстанның ұлттық мемлекет ретінде дамуы туралы қағидалар кері ысырылды. БҰҰ «Байырғы халықтардың өзін өзі билеуі туралы» декларациясына негіз болған халықаралық тұжырымдар тұншықтырылды. Қазақ халқының өзін өзі билеу құқығы аяққа тапталды. Мемлекет құраушы ұлт ретіндегі құқығы жойылды. Оның деңгейі диаспоралар деңгейіне төмендетілді. Жалпы бұл Конституция қабылдануға да, қолданылуға да тиісті емес еді.
Бізге азаматтық қоғамға арқа сүйеген ұлттық мемлекеттің Негізгі заңы керек болатын. Тәуелсіздік эйфориясынан басы айналған Қазақ халқы Нұрсұлтан Назарбаевқа зор үмітпен болашағын сеніп тапсырды да өкінішке қарай толықтай алданып қалды. Соның салдарынан біз іс жүзінде 25 жылда АҚШ тәрізді азаматтық мемлекет сипатына ығысып кеттік. 98 баптан тұратын Қазақстан Конституциясына ширек ғасырда 92 түзету мен өзгеріс енгізілді. Қазақстанның Ата заңы бір адамның, атап айтқанда Нұрсұлтан Назарбаевтың авторитарлық билігін нығайтуға ғана бағытталды.
Тәуелсіздік алғаннан бергі отыз жылға жуық уақытымыз босқа кетті. Өз басым отыз жыл өмірімнің босқа кеткеніне өкінемін. Айтпады емес – айттым, жазбады емеспін – жаздым. Соңғы 20 жылдай уақыт конституциялық қиғаштықтарды жазып келемін. Бірақ көзбояушылыққа алданған қоғам қабылдамады. Енді бізге режим өзгерген бойда Ұлттық мемлекетімізді құру мен дамытуға бағытталған жаңа Конституция қабылдауға тура келеді.
ӨКІНІШКЕ ОРАЙ БҰЛ ШЫНДЫҚ!. БІЗДЕ ДЕМОКРАТИЯ ЖОҚ ДЕП КІМ АЙТАДЫ..?! Алып қосарларың барма..?!
Marat Baidildauly Фб парақшасынан
Elana.kz