АДАМГЕРШІЛІК ӘДЕПТІЛІКТІҢ БЕЛГІСІ.

Бетегеден биік жусаннан аласа болып жүр деген сөз үнемі менің жадымда.
«Биік таулар биікпін деп шіренбе сенде
бір күн жермен жексең боларсың деген әдемі өлең жолдары қоғамдағы азаматтардың әдеп қағидатынан аттап өтіп қалай болса солай сөйлей салатын кезеңдеріне көп ұшырасамыз. Әттеген-ай деп мұңайып қаласың
Парасаттылық
ол көрегенділік деп білемін
Қоғамның құрылымы өзінен өзі жазылмаған заңдарға сәйкес үш топқа бөлініп бесенеден белгілі болып тұрады. Деседе мен айтар едім ойланып сөйлемеген ауырмай өледі деген қанатты сөз өз құнын қазірде жойған жоқ өзіңе жеңіл болғанымен айтылған сөз оқпен бірдей болып әп-сәтте бөгде адамның жүрегін ауыртып адами болмысына нұқсан келтірері сөзсіз айтпағым кейінгі кезде сол сөйлеу мәдениеті мен қарым
қатынас мәдениетінен қалып бара жатқан секілдіміз
Жұмысбасты болсақта ресми тілдік байланыс пен бейресми тілділік
қатынасты барынша ұстанған жөн деп ойлаймын.
Қоғам өзгергенбе дейін десем XX-ғасырдың соңы мен екінші жартысында дүниеге келген өскелең ұрпақ адам көңіліне қарап сөйлеп, сенің көңіліңді тауып бәйек болады адам өзгерді дейін десем соңғы буын өкілдерінің көпшілігі көпке топырақ шашпаймын адами құндылықтарды ысырып тастап биіктігін танытып, артықтау сөйлеп жатады.Сыйға сый сыраға бал деген ескі қағида менің өмірлік принципім неге десеңіз барынша адам яғни азамат әдеп қағидаттарын сақтағаны жөн.
Кісі алдына шығып ойын айтқызбай білгенін ұмыттыратындай етіп, адами ождан бостандығына нұқсан келетіндей қарым-қатынас жасау ең әдепсіздіктің шыңырау шегі.
Парасаттан ақыл, ақылдан мінез, мінезден сөз, сөзден тұлғалық қасиеттеріміз қалыптасып, адам өзін ортада өзінің кім екендігін және көрген тәрбиесінің өлшемін аңғартып қояды
Ұлттық құндылықтарды насихаттауды қолға алып, өміршең етуге жұмыс жасап жатырмыз.Сол ұлттық құндылық айналаға деген мейірім мен байланыс әдебінен басталатынын ұмытпағанымыз жөн.
Ұрпақ тәрбиесі отбасында қалыптасса, оны әрі қарай ортасы, қала берді ұстазы мықтап шегелейді.✍️Жалған әдептің ешқандай көрінісі ұзақ болмасы анық.
Жалаң сөзбен, өтірік сыйлы болу да осы ғасырдың дертіне айналуда.
Мектеп болсын, балабақша болсын, басқа мекеме болсын ең бірінші адами құндылық әдепті сөйлеп, біреудің ары мен сағын сындырмайтын
дай дәрістерді көптеп насихаттаған жөн оны аға буын толқын үлкендер, оның ішінде лауазымды тұлғалардан үйренетіндей етіп, шынайы кейіп пен болмыс қалыптасатын орта тәрбиелесе игі.
Айтпағым заман дамыған сайын қарапайым байланыс, ауыз-екі сөйлесу барысындағы әдебімізден айырылып қалмасақ екен деймін.✍️
Сөз соңында айтарым — бақ ханның сарайында да, кедейдің лашығындада болмайды, ол тек соны бағалай білген адамның қасында болатынын ұмытпайық
Ал, бақ пен дәулет қатар болуы үшін ең бірінші адами болмыстың іргетасы әдеп керек.

Зарина Райсова фб парақшасынан алынды