Адам неге алжиды?

▪ Әлемде адамды алжуға жеткізетін Альцгеймер ауруымен 50 миллион адам ауырады екен. Альцгеймер жыл сайын 10 миллион адамда жаңадан анықталады.
Негізі ол жасы ұлғайған (65-тен асқан) адамдарда ғана кездеседі деген түсінік қалыптасқан. Дегенмен бүгінде оған жас адамдар да ұшырап жүргені туралы деректер бар.
▪ Бұл ауру асқынғанда адамның есте сақтау қабілеті нашарлайды, тіпті ол мүлде жоғалады, адам дұрыс ойлана алмайды, күнделікті қарапайым іс-әрекетке де қабілетсіз болып қалады. Қазіргі медицина одан емдеуде қауқарсыз.
Дегенмен бұл аурудың дамуын тежейтін, науқастың жағдайын біршама жақсартатын тәсіл бар. Ол – «мәңгілік инелер» деп аталатын тәсіл. Бұрын да қолданылып келген бұл тәсіл әбден зерттеліп, 2001-жылы ғалымдар оның оңды әсері барына көз жеткізіпті.
▪ Бұл тәсіл акупунктураға, яғни денедегі белсенді нүктелердің қандай да бір ағза мүшесімен тікелей байланысына негізделген деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Құлақта 300-ден аса осындай белсенді нүктелер бар екен. Соларға әсер ету беру арқылы бүкіл ағзаға әсер етуге болады. Осы нүктелерді уқалаған кезде мидағы жасушалар қалпына келеді, алдуға себеп болатын дофамин жетіспеушілігі жойылады.
Неміс невропатологы Ульрих Верт құлақтағы белгілі бір нүктелерге титан нүктелер шаншу тәсілін ойлап шығарған. Осының әсерінен ми жұмысы ынталанады екен. Содан оның басқаруы жанданып, адамның ахуалы жақсара бастайды. Бұл тәсіл Паркинсон, Альцгеймер ауруларынан бөлек, жаңғалақтық склерозы, созылмалы бас сақинасы, эпилепсия, астма және тұқым қуалайтын неврологиялық бұзылыстар сияқты дерттен зардап шегетіндерге де оңды жәрдемін тигізеді.
▪ Ал науқасқа мұндай ине орнату тәсілі былай іске асады: алдымен оның ауыру тарихы зерттеледі. Науқаспен әңгімелесу өткізіледі деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Сосын оған жеке емдеу әдісі тағайындалады. Науқасқа жергілікті наркоз беріліп, ағзасына сай келетін өте ұсақ титан инелер арнайы арнайы құрылғымен тері астына орнатылады. Процедура 2-3 күнде іске асырылады. Сосын пациенте дәрігерлердің бақылауында болады.
Міне, осы тәсіл арқылы емдейтін орталық Испанияның Валенсия қаласында орналасқан. Табиғаты әсем, климаты жайлы жер. Онда бүгінде күндерге дейін мыңдаған адам емделіп шығыпты.
…Ал әлемде Альцгеймер және Паркинсон дерттерімен 50 миллион адам ауырады екен. Олардың қатарын әр жыл сайын 10 миллионға дейін науқастар толықтырып жатады деседі.
Жарас ҚАСЫМ.
«Ауырмаңыз!» газеті.
(Мақаланы көшіріп басқанда «Ауырмаңыз!» газетінен алынды» деп сілтеме беру міндетті. Авторлық құқық қорғалған!)