АБАЙЛАҢЫЗ, ОТШАШУЛАР!

Әр отбасыда жаңа жыл мерекесіне дайындық басталып кеткені бәрімізге мәлім. Мереке жақындаған сайын пиротехникалық өнімдерге сұраныс күрт артады.
Қазіргі таңда сатылымда әртүрлі отшашулардың көп таңдауы бар. Өзіңіздің және балалардың қауіпсіздігі үшін пиротехникалық өнімдерді кез келген жерден алмағандарыңыз жөн.
1)Пиротехникалық өнімдерді мамандандырылған дүкендерде немесе бөлімдерде сатып алу керек;
2) Сатып алынатын тауарға сәйкестік сертификаттарының болуына, пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа аса назар аудару қажет;
3) Қолдану жөніндегі нұсқаулықты қатаң сақтау қажет, онда өнімді пайдалануға рұқсат етілген адамдардың жас критерийі көрсетіледі;
Іске қосу кезінде адамдардан, отшашу ұшыратын орыннан 15-20 метр қашықтықта болу керек. Сонымен қатар пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде балалардың өздері іске қосуға мүмкіндік бермеңіз!