Абай облысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысуда

Республикалық «Таза Қазақстан» акциясына Абай облысының тұрғындар да белсене атсалысуда. Облысымызға қарасты барлық қалалар мен аудандарда экологиялық 2 айлық басталып, оған мемлекеттік, бюджеттік мекеме қызметкерлері, студенттер, оқушылар, тұрғындар қатысуда. Осы арқылы жерлестерімізді қоршаған ортаны қорғау мен экология мәселелеріне назарын аударуды басты мақсат етіп отырмыз.

 

Мәселен, Курчатов қаласындағы сенбілікке 700-ден астам адам қатысты. Қала көшелерінен 4450 текше метр қоқысты шығару үшін 12 бірлік техника жұмылдырылды. 2024 жылдың жоспарында 834 ағашты, соның ішінде аула ішіндегі аумақтардағыларды санитарлық кесу, сондай — ақ 46 қураған ағашты кесу және әртүрлі 4 мың жас көшет отырғызу бар. Қала дерлік суарумен қамтамасыз етіледі.

 

 

Ақсуат ауданында 14 көше тазаланды. 70 тонна қатты қалдықтар шығарылып, 99 660 шаршы метр аумақ тазартылды. Іс-шараға 24 бөлімдер мен мекеме қызметкрелері және 170-тен астам адам қатысты. Жалпы аудан бойынша 9 ауылдық округте акция ұйымдастырылып, оған 520 адам қатысты. Нәтижесінде 118 760 шаршы метр  аумақ тазартылды. Сонымен қатар, бұл  жұмыстарға 16 бірлік техника жұмылдырылып, 78,8 тонна қатты қалдықтар шығарылды. Талдар мен теректерді ақтау жұмыстары жүргізілді.

 

Бесқарағай ауданындағы сенбілік те жоғары деңгейде өтті. Экологиялық акцияға ауданның 4 мыңнан астам тұрғыны және 8 бірлік техника тартылды. Көкпекті ауданында 4 мыңға жуық адам, 34 техника жұмылдырылды. Тазартылған аумақтар бойынша 42 тонна тұрмыстық қалдықтар шығарылды.

 

 

Облысымызда тазалық жұмыстарынан бөлек, көгалдандыру жұмыстары да қатар жүргізілуде. Мысалы, Аягөз ауданында қаланы абаттандыру және көгалдандыру мақсатында 300 түп терек, 100 түп қызыл тау шетені, 100 түп қайың, 200 түп қарағаш, 200 түп шырша отырғызу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Мақаншы ауданында 100-ден астам көшет отырғызылды.

 

Республика көлеміндегі ауқымды акцияға облысымыздың кез-келген азаматы қатыса алады. Өңірімізді бірге көркейтейік.