АБАЙ НЕГЕ ӘКЕСІНЕ «АС» БЕРМЕГЕН?

Өйткені, ас беру, жетісін, қырқын беру Ислам дінінің қағидасы емес, шамандық нанымның сарқыншағы екенін озық ойлы ғұлама жақсы білген. Исламның қоспасыз таза болуын қалаған. Бұрынғы шамандық әдет-ғұрыптарды Ислам дінімен қатар алып жүруге қарсы болған.
Мәселен, хакімнің «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны жайлы» атты қарасөзінде мынадай жолдар бар: «… Дүниеде не нәрсенің себебіне көзі жетпесе, сол нәрсені құдай қылып, дін тұтатұғын әдеттердің сарқынын біз де кей жерде көргеніміз бар, — дейді Абай, — Келін түскенде үлкен үйдің отына май құйып, «От ана, Май ана, жарылқа!» дегізіп бас ұрғызған секілді, «өлген аруаққа арнадық» деп шырақ жаққан секілді, жазғытұрым күн әуелі күркірегенде қатындар шөмішімен үйдің сыртынан ұрып, «сүт көп, көмір аз» дегендері секілді. Бұған ұқсаған көп еді, құдайға шүкір, бұл күнде жоғалып бара жатқанға ұқсайды», — деп тәубе айтады.

 

Налу Жан фб парақасынан