«Абай -дана, Абай дара қазақта!» Қарағандылық жастардың челленджі басталды.

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туған күніне орай, Қарағандылық жастардан бастау алған «Абайдың өлеңдері мен қара сөздеріне» арналған челленджді әлеуметтік желі арқылы Түркістан облысы, Төле би ауданы, Төле би аудандық орталық кітапхана қызметкерлері қабыл алып, ақынның «Желсіз түнде жарық ай» өлеңімен жалғастырды.

Абай -дана, Абай дара қазақта! Киелі де, қасиетті — Түркістандық әріптестерімізге мың алғыс!
Сонымен қатар, 10 тамыз сағат 11.00-де Орталық саябақтың жаңа сахнасы мен «Жаңа Майқұдық» мәдениет үйінде ойшылдың өлеңдерін, әндерін орындау жоспарлануда. Оған барлық Қарағанды қаласының тұрғындары мен қала қонақтары қатыса алады.

Іс-шараға қатысу мүмкіндігі болмаған жағдайда, ақынның өлеңдерін орындау туралы бейнелеріңізді дайрекке немесе ватсап 87014964525 нөміріне жібере аласыздар, оны біз міндетті түрде жариялаймыз.

Жомарт Шаймұрат