АҚЫЛДЫ БОЛУ ҮШІН

Адам ағзасындағы барлық бұлшық еттер сияқты миға да жаттығулар қажет. Ақылды болудың қарапайым бес әдісін айтып өтейік.
1. ТЕЛЕФОН МЕН ТЕЛЕДИДАРҒА МҮМКІНДІГІНШЕ АЗ ҚАРАУ.
Олар санаға кері әсер етеді, мәселен теле бағдарламалардың қайталануы мен жиілігі сананы өзгерте алады. Кез келген нәрсені бірнеше рет қайталау арқылы сенім мен көзқарасты да өзгертуге болатындығы дәлелденген.
2. ЖАТТЫҒУЛАР ЖАСАҢЫЗ
Жаттығудан кейін ақыл айқындалады және шоғырлануы жақсарады.
3. Әр түрлі шытырман оқиғалы және көркем кітаптарды оқымаңыз. Мұндай кітаптар назар мен қызығушылыққа толы болғанымен, танымдық және интеллектуалды ізденістерді өттей алмайды. Тарихи, ғылыми және классикалық шығармаларды оқыңыз. Олар сіздің танымыңызды кеңейтеді.
4. ҰЙҚЫҢЫЗ ҚАНУЫ КЕРЕК.
Белгілі бір уақытта ұйықтап, белгілі бір уақытта тұруды үйрену керек. Ертерек ұйықтап, ерте тұрған дұрыс.
5. МИДЫ ДЕМАЛДЫРЫП ТҰРУ ҚАЖЕТ.
Медитация-мидың демалысы деп аталады. Ми өздігінен е демала алады, тыныш ортада біраз уақыт жалғыз отырып, табиғат аясында серуендеу де демалыс бола алады. Бір данышпан: «Серуендеп жүргенде барлық жақсы идеялар өзі келеді»,-депті.
Осы әдістерді қабылдап, тәжірибе жасай отырып, өзіңізден гөрі ақылды адамдармен достасуды, саяхаттауды, көптеген адамдармен араласуды және бастаған ісіңізді аяқтауды әдетке айналдыруға тырысыңыз. Сізде 50 долларды 50 000 долларға айналдыруға ниет пен қабілет бар ма? Сол тілегіңізді орындауға тек ақыл ғана көмектесе алады.