Ақпарат және коммуникация министрлігі еліміздегі қазақстандық біртектілікті сақтаудың тетіктерін түзсе игі…

Ұлт жоспары — Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 қадамы бар. Соның 90-шы қадамында бес институттық реформаны, сондай-ақ, БАҚ-тағы, интернеттегі, бұқаралық ақпараттың жаңа буындарындағы, сондай-ақ, әлеуметтік желілердегі қазақстандық біртектілік идеяларын жүзеге асыруды ақпараттық қамту және ілгерілету көзделгені белгілі. Бұл мақсатты іске асыруда бұдан былай жуырда құрылған еліміздің ақпарат және коммуникация министрлігіне зор жауапкершілік жүктелетін байқаймыз.

mqdefault

Басқасы басқа, қазақстандық біртектілік идеясын насихаттау ісінде бүгінде ақпарат құралдарының ішіндегі ең қауқарлысы – әлеуметтік желіге баса мән берілуі тиіс. Оның маңыздылығы әсіресе, жуырда еліміздің бірнеше қаласын шарпып өткен шерулер кезінде айқын аңғарылды. Әлеуметтік желіде бұрмаланған ақпаратқа тоқтау салатын тиімді құралдардың әлсіздігінен айқайға ойбай қосқан арандатуға жол берілгені байқалды. Қоғамдық пікірді бұрмалап әкетудің тиімді құралы әлеуметтік желілер екені Сирия, Ливия сынды әлем мемлекеттеріндегі елішілік бүліктер кезінде айқын көрінді. Бұл мемлекеттерде кеңінен қолданылған ең қауқарлы технология тілі бұл «желілік соғыс». Әсіресе, бұл тетік Ливия, Сирия елдеріндегі көтерілістерде кеңінен көрініс тапты. Ол бойынша шыққан дерегі күмәнді, түпнұсқасы тексерілмеген, тиісінше, мейлінше халық ішінде дүрлігуді тудыратын қанды көріністерді әлеуметті желілерде тарату күйттеледі. Небір құйтырқылық жасалады. Фотошоптың көкесі, дыбыстық эффектілердің небір атасы әзірленіп, таралады. WhatsUpp  желісіне алаңға шығуды ұрандатқан жазбалар жіберіледі. YouTube желісіне бейнесі күдікті, үстіне атыс-шабыстың эффектісі тіркелген видео жаппай жариялана бастайды. Тіпті, көрілімін көбейту үшін желіге ақылы жарнама берудің мүмкіндігі қарастырылады. Бір күннің ішінде кемінде 20 мың көрілген бейнежазбаны көрген көрермен  осылайша видеоға нана, сене бастағанын аңдамай қалады. Көкейіңізде үрей туындап, әрекетіңізді салқынқанды санадан гөрі, бейберекет эмоция билей бастайды. Жуырдағы Қызылордадан тарады деп ақпар берілген фотосурет те осы тұжырымымыздың айқын дәлелі. Қытайда жарияланған суретті Қызылордада деп берген арандатушылардың жымысқы әрекеті әу бастан белгілі. Осы орайда көп оқырман, көрермен, тыңдарманның ақпараттың шыққан түбін тексеріп алудың мүмкіндігі көп бола бермейтінін айта кеткен ләзім. Бүгінде не көп, түрлі бағыты күмәнді  тараптарда жұмыс істейтін ақпарат құралы көп. Бұл жағдайда қарапайым оқырман түгіл, арандатушы ақпаратқа кейде кәсіби журналистердің өзі иланып қалып жатады. Мәліметтің дереккөзіне мән берместен  «copy+paste» аталып кеткен қарадүрсін әдіске салып, құйтырқы мәліметтерді көшіріп басып беретін ақпарат құралдары да көбейіп кетті.

Әлеуметтік желілер біздің өмірімізге көз ілеспес жылдамдықпен енді. Жаңа құрылған ақпарат және коммуникация министрлігі әлеуметтік желілерге баса мән беріп, ондағы сегментпен жұмыс істеудің тиімді тетіктерін қарастыруы керек. Ол қажеттілік мынадай себептермен түсіндіріледі.   Желілердің қауқарын сезіну үшін желілер туралы тізбелеп бірнеше мәлімет ұсынуды жөн көрдік.

  1. Әлем бойынша әрбір жиырма минутта бір миллион сілтеме таралады.
  2. Әр сағат сайын 4.5 миллион халық фэйсбуктегі әлдебір шараға шақыру алады екен.
  3. Әр минут сайын 100 000 фэйсбукте дос болады екен.
  4. Әлемдегі барлық желі пайдаланушылар өмірінің бір сағаттан бастап, бес сағатқа дейінгі уақытын әлеуметтік желідегі әңгімелесумен өткізеді екен.        
  5. Әрбір секунд сайын планетадағы сегіз адам әлдебір әлеуметтік желінің пайдаланушысы болып тіркеледі екен.
  6. Facebook пайдаланушыларын санайтын болсақ, халық саны жөнінен Қытай мен Үндістаннан кейінгі бір миллиард халқы бар әлемдегі үшінші мемлекет  екен.
  7. Орта есеппен алғанда әрбір пайдаланушы өз аккауынтына кем дегенде 2 рет кіреді екен.
  8. Әрбір пайдаланушының достығында кемінде 195 адам бар екен.
  9. Америкалық актер, жүргізуші Эштона Катчер мен әнші Бритни Спирстің фолловерін санасақ, Ирландия, Норвегия мен Панаманың халқымен тең екен.
  10. Әлем бойынша 200 000 000 жуық блог бар екен.
  11. 80% халық шын өмірдегі достарынан гөрі өздерінің онлайн-достарына көбірек сенеді екен. 
  12. Жаңа ғасырда туған халықтың 90% астамы түрлі әлеумжеліде аккаунттары бар екен.

Әлем халқы қайсы желіні көбірек қолай көреді десек, мынадай көрсеткішке көз жеткіземіз:

Ресей – В контакте, Одноклассники, Facebook.

АҚШ – Facebook, Twitter, Linkedin.

Германия — Facebook, Twitter, Xing

Ұлыбритания — Facebook, Twitter, Linkedin.

Қазақстан — В контакте, Facebook, Instagram.

Желілердің әлеуметті өзара байланыстыратын пайдалы тұсынан өзге, әлеуметті араздастыратын, күдік, секем сезімін ұялататын қауіптілігін де айтып кеткен жөн. Бұл қауіптерді былайша тізбеледік:

1.Статистика көрсеткендей, әлеумжелі салдарынан жыныстық қатынаспен байланысты қылмыстың саны 26 есе көбейген.

  1. Әлем бойынша 100 адам әлеуметтік желіде қалдырылған хабарлама үшін өз өмірімен жауап береді.
  1. 2011 жылы Ұлыбританиядағы 5 тонаушының төртеуі тонауды іске асыру үшін әлеумжеліні пайдаланған
  2. Зерттеу көрсеткендей әлеуметтік желімен мөлшерден тыс шұғылдану адамның иммунитетін әлсіретеді.
  1. Әлеуметтік желілер интернетте уақыт өткізу құралы ретінде порнографияны да басып озды.
  1. Әлеумжелілер дүниежүзіндегі әрбір үшінші ажырасудың себепкері екен. 
  2. Пайдаланушылардың 15% әлеумжеліні аңду үшін пайдаланады екен. Әсіресе, ол арнайы қызмет органдарының бақылауында.
  1. Facebook  2011 жылдың аяғында  әлеумжелі аясынан тыс жерлерде аңду жүйесін патенттеді.
  2. Әлеумжеліде тұрақты болу өзіне-өзі қол салудың тәуекелін арттырады. Өйткені, адам қоршаған ортасымен байланысты үзіп, қоғамдағы шындықтан ажырай бастайды.

Әлеуметтік желілер және отбасы:

  1. Әлемдегі әрбір бесінші отбасы әлеуметтік желіде танысады екен.
  1. Әлеуметтік желідегі 69%  ата-ана өз балаларымен әлеумжеліде дос екен.
  1. Әрбір бесінші баланың аптаның жеті күнінің бір күні әлеумжеліге жұмсалады екен.
  1. Әлемдегі 80%  балалардың әлеуметтік желілерде аккаунттары бар екен.
  1. Әлемдегі 80% ата-ана өз балаларының әлеужеліде немен айналысатынын білетінін мәлімдеген. Алайда 31% бала өз ата-анасы бұл туралы ештеңе білмейтініне сенімділік танытқан.
  2. Балалар орта есеппен  әлеумжеліні 10 жастан пайдалана бастайтын көрінеді.

Әлеуметтік желі және бизнес:

  1. Әлемдегі 24  ірі газеттің таралымы халыққа жарнама өзге дереккөздері арқылы келе бастағаны салдарынан бірнеше есеге кеміп кеткен.
  1. Бір жылға жетер-жетпес уақытта 200 миллионнан аса пайдаланушы жинап үлгерді.  Салыстырмалы түрде айтсақ, телевизия 60 миллионнан аса көрермен жинау үшін 13 жыл қажет болған.
  1. Жұмыскер қабылдау үшін бес компанияның төртеуі әлеуметтік желіні пайдаланады.

 

  1. Блоггерлердің үштен бір бөлігі ірі сауда белгілері мен брендттер туралы өз

Түйін: Жуырда құрылған еліміздің ақпарат және коммуникация министрлігі еліміздегі қазақстандық біртектілікті сақтаудың тетіктерін түзсе игі. Біртектілік әлбетте ел халқының ортақ мақсатқа жұмылып, сол мақсат аясынан туындайтын шараларға атсалысудан көрінетіні белгілі. Ендеше бұл орайда әлеуметтік желінің маңызы ел ішіне іріткі салып, арандату тудыратын нәрселерді емес, қалың көпшілікті елжандық, өзара сыйластық, толеранттылық сезімдерін тудыратын қасиеттерге баулудан көрінеді.        

     Қанат ӘУЕСБАЙ

ФОТО: www.securitylab.ru