«Ақ түс жақсы ма, жоқ әлде қара түс жақсы ма?»

Абай атамыз баласы Әбдіраxманды сынау үшін «Ақ түс жақсы ма, жоқ әлде қара түс жақсы ма?» деп сұрапты деседі. Әбдіраxман «Ақ түс» жақсы дегенде, Абай атамыз оған қарсы шығып: «Қара түс жақсы. Адам баласы қайратты, күшті, қуатты кезінде шашы қара болады. Жас баланың шашы ағарып кетсе, онда әсемдіктен, әдеміліктен белгі де қалмайды. Ақ қағазға да xат қара сиямен түседі. Адам баласы өзі ардақ тұтқан қадірлі затын көзінің қарашығындай сақтайды. Сондықтан қара түс жақсы» деген ыңғайда әңгіме айтады.Сонда Әбдіраxман: «Сіз оны қалай білдіңіз?» деп сұрайды. Абай атамыз: «Мен оны ақылыммен, миыммен, санаммен білдім» дейді. Әбдіраxман: «Сіз сол ақыл-ой мен санаңыздың түсін қандай деп ойлайсыз» дегенде, Абай атамыз: «Ақ қой, ақ» деп күлген екен.