Ақ мата мен жұмыртқа ми шайқалуының ең тиімді емі екен

Мен көршім Қарақатқа сондай ризамын. Менен бес жас кіші болса да көңілге түйгені мен өмірден көргені көп жан. Сондықтан қай істі де байыбына барып, тындырып істейді. Осы көршімнің көмегімен мен алты жасар қызымның ми шайқалуын (сотрясение) ешбір дәрісіз, ауруханаға жатпай-ақ емдеп жаздым.
Жазғы демалыста лагерьге кеткен қызым алтыншы күні басым қатты ауырып жатыр деп хабарласты. Жыламсырап тұр. Кеш болғанына қарамастан көлік тауып, қала сыртындағы лагерьге қарай құстай ұштым. Мұздай бассейнге түскеннен суықтап қалды деп ойғанмын. Олай емес сияқты: қызуы жоқ. Жөтелмейді. Тек басым дей береді. Неге екенін өзі де, жетекшісі де түсіндіріп бере алмады. Қызымды таңертең әкелермін деп үйге алып қайттым. Үйге келген соң тынышталғандай болған. Түнде ол көзі ілінсе денесі селк етіп, шошып шықты. Таң қылаң бере жүрегі айни бастады деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Жедел жәрдем шақыруға тура келді. Қызым дәрігерлерге биіктен құлап түскенін айтты. Миы шайқалған болуы мүмкін деген күдік туды. Оны дәрігерлер де растады.
Жұмыстан сұранып, дәріханаға шапқылап жүрген мені көрген Қарақат себебін сұрады. «Сотрясение» дегенді ести сала бар шаруасын тастап, үйге келді. Өзімен бірге ені 3-4 сантиметр ғана болатын етіп ұзын ақ мата мен 2 дана үй жұмыртқасын әкеліпті. Қызымның жанына отыра қалған ол үлкен апалар сияқты: «Бісміллә, менің қолым емес, Бибі-Бәтима анамның қолы», – деді де, әлгі «мата-лентаны» қызымның басына орап, тәж (корона) секілді өлшеп алды. Сосын сәл артықтау етіп кесті. Оған жұмыртқаның сарысын қалыңдау етіп жақты деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Сөйтіп оны қызымның басына орап, матаның екі ұшын бір-біріне айқастырып қойды. Жұмыртқаның уызы жағылған соң матаның екі ұшы бір-біріне жабысып қалды.
«Үш күнге дейін мына матаны шешпеңдер. Әбден кепкен соң өзі түсіп қалады. Болмаса төртінші күні жайлап өздерің шешіп аларсыңдар. «Сотрясениенің» ең керемет емі осы. Жұмыртқа құрғаған сайын мата басты қысыңқырап, мидың шайқалуын өзі-ақ қалпына елтіреді. Мотоцикл қағып кетіп, миым шайқалғанда мені апам осылай емдеген», – деді ол.
Укол-система десе жаны шыға шыр ете қалатын қызым Қарақаттың арқасында осылай «сотрясениеден» дәрісіз айықты. Бұл – Қарақаттың жадына түйіп жүрген жүз шипалы амалының бірі ғана. Керек болар деп көпшілікпен бөлісіп отырмын. Осындай көршімнің барына шүкір!

Ақсәуле БИБАТЫРОВА.
«Ауырмаңыз!» газеті.
(Мақаланы көшіріп басқанда «Ауырмаңыз!» газетінен алынды» деп сілтеме беру міндетті. Авторлық құқық қорғалған!)
#денсаулық #здоровье
#фитотерапия #Шөппенемдеу
#шипа #дауа #халықемі