Павлодар облысында қар түскен кезден бері 21 мың тоннадан астам қар шығарылды

Павлодар облысында қар түскен кезден бері 21 мың тоннадан астам қар шығарылды

Өңірде өткен демалыс күндері қар көп түсіп, қар тазалау жұмыстарына 200 арнайы техника мен 300 жұмыскер жұмылдырылды. Павлодар облысының қар тазалаушылары тәулік бойы жұмыс істейді.

Өңірде қар 5-8 желтоқсан күндері көп жауды. Облыс орталығының айналма жолдары мен көшелерінен алты мың тоннадан астам қар шығарылды. Жалпы, қар түскен кезден бері облыстағы елді мекендердің аумағынан 21 мың тоннадан астам қар шығарылды.

— Біз тәулік бойы жұмыс істейміз, — дейді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының өндірістік бөлімінің басшысы Инна Бейм. – Осы күндері облыстық маңызы бар жолдарға қызмет көрсететін ұйымдардың 100 техникасы қар тазалап, жолдарға 160 тонна көктайғаққа қарсы қоспа төкті.

Басқарманың ақпараты бойынша, қар тазалау жұмыстары барысында қар көп түсетін Ивановка-Трофимовка, Тереңкөл-Михайловка, Чернорецк-Ольгино-Успен-Шарбақты, Павловка-Галицкое, Беловка-Қалқаман және Шақат-Восточное-Шалдай автомобиль жолдарына басымдық беріледі.

Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 3 мың шақырымға жуық. Облыстық маңызы бар жолдардың қашықтығы 1 млн шақырымнан астам болса, аудандық маңызы бар жолдардың ұзындығы 2964 шақырымды құрайды. Республикалық маңызы бар жолдардың ұзындығы – 1662 шақырым. Оның ішінде 1456 шақырым жолға «Қазақавтожол» ЖШС облыстық филилалы қызмет көрсетеді. Филиал қызметкерлерінің айтуынша, арнайы техника республикалық маңызы бар жолдардың 30 шақырымнан астам аумағында 3 мың тоннадан астам көктайғаққа қарсы материал төседі.

— Алғашқы қар жауған кезден бері Павлодар қаласында 14 мың тонна қар шығарылды, — дейді облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының тұрғын үй шаруашылық бөлімінің басшысы Нұржан Алдыбаев. – Соңғы күндердің ішінде шығарылған қардың көлемі 6 мың тоннаға жетті. Екібастұзда 5255 тонна, ал, Ақсу қаласында бір мың тоннаға жуық қар шығарылды.

Әлихан Рахметоллаұлы