БАҚ пен байланыс тығыз
Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-де облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының этносаралық қатынастар мәселелері бойынша жетекші журналистер мен сарапшылар клубы 2015 жылы құрылған. Клуб құрамына этносаралық тақырыптарды баяндайтын республикалық және өңірлік БАҚ-тың 20-ға жуық журналисті және этносаралық қатынастар саласындағы сарапшылар кіреді. Клуб толеранттылықты нығайтуға, мемлекеттегі этносаралық келісімді, азаматтық бірлікті, патриотизмді және рухани-мәдени қоғамды сақтауға ықпал етуге; журналистік этика қағидаларын сақтауға, дамытуға және енгізуге, сондай-ақ этносаралық тақырыпты жариялау мәселелерінде журналистік қоғамдастықта жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған,-деп хабарлайды «Elana.kz» сайты.
Клуб мемлекеттік ұлттық саясатты жетілдіру, қоғамдағы этносаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту бойынша ұсыныстар дайындайды; этносаралық сипаттағы тақырыптарды дұрыс жариялау бойынша республикалық және облыстық БАҚ үшін ұсынымдар әзірлейді. Жылына екі рет облыстық ҚХА Журналистер клубының кеңейтілген отырысы өтіп, онда жыл қорытындысы шығарылады. Сонымен қатар, кеңейтілген отырыста қатысушылар медиа-БАҚ саласындағы өңірлік табысты жобаларын, әлеуметтік желідегі қауымдастықты, сондай-ақ ҚХА қызметін белсенді насихаттайтын бірнеше БАҚ өкілдері марапатталады. Сондай-ақ, отырыстарда Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ жүргізіп отырған жұмыстары туралы халықты тиімді және кеңінен ақпараттандыру, журналистердің шығармашылық әлеуетін ашу және ынталандыру жолдары қарастырылады. Клуб аясында жыл сайын этножурналистика саласында облыстық «Бір шаңырақ астында» шығармашылық байқауы өткізіліп, жеңімпаздар республикалық және облыстық көлемде марапатталып отырады. Нәтижесінде, жүлдегер болған БАҚ өкілдерінің қатарында Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз орталығының баспасөз хатшысы Бибігүл Шахзада, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті дамытуға үлес қосқаны үшін «Мейірім» төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ, облыстық «Jambyl» телеарнасының журналисті Ильдар Гизатуллин Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын облыс көлемінде насихаттағаны үшін алғыс хат иеленді.

