Қайырымдылықтан қалыс қалмайды
Қазақстан халқы ассамблеясының негізгі бағыттарының бірі – қайырымдылық қызметті үйлестіру. Осыған байланысты Жамбыл облыстық ассамблеяға қарасты этномәдени бірлестіктер барлық іс-шараларында қайрымдылық қызметті қатар атқарып келеді. Қазақстан халқы ассамблеясының құрылымдары — Қоғамдық келісім кеңесінің, Аналар кеңесінің қызметінде қайырымдылықты дамытуға ықпал ету шаралары қарастырылған. Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы 420 000 000 теңгеге 43 мың адамға көмек көрсетті,-деп хабарлайды «Elana.kz» сайты.
Ассамблея мүшелері техногенді апаттан зардап шеккен Түркістан облысы Мақтаарал ауданы тұрғындарына 10 млн 160 мың теңгеге 40 тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелтті. Өңірімізде коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында облыстық ассамблеясының мүшелері мен қоғамдық бірлестіктері, өзге этнос өкілдерінің меценаттары азаматтық белсенділік танытып, «Біз біргеміз» акциясы аясында әлеуметтік осал топтағы 25600 адамға 160 млн теңгеге түрлі қайырымдылық шараларын ұйымдастырды.7
Сонымен қатар облыста мемлекеттік тілді оқытуда Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы мен облыстың этномәдени бірлестіктері арасында меморандум жасалған.
Достық үйінде «Мәміле» клубы жұмыс істейді. 12 отырыс өткізілді. 24 мәселе қаралып, оған 480 адам қатысты. Клуб өңір аудандарында 10 көшпелі отырыс өткізді, 22 мәселе қаралды, оған 1100 адам қатысты. «Мәміле» клубының отырыстарына барлығы 1580 адам қамтылды. Клуб отырыстарына спикер ретінде белгілі 24 тіл маманы қатысты, олар қазақ халқының тарихы, мәдени мұрасы, салт-дәстүрі мәселелерін қозғады.
ҚХА-ның «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасы бойынша облыста 6 бағыт бойынша жұмыс жүргізіледі: қазақ тілін оқыту бойынша «Тіл мектебі» авторлық бағдарламасы, «Асыл сөз» шешендік өнер мектебі, латын графикасы бойынша «Sen de bir kirpish dúnіege» шығармашылық конкурсы, этномәдени бірлестіктердің жастары арасында әлеуметтік желілерде мемлекеттік тілді насихаттау бойынша #ózim týraly акциясы, «Тиімді тілдік орта» ойын алаңы және «Тілдер күнін» мерекелеу аясында облыстың барлық өңірлерінде латын графикасында жалпы қазақстандық диктант өткізіледі. Облыстық штаб мүшелері В.Трегубова, Р. Прияхина мемлекеттік тілді меңгерудегі жетістіктері үшін ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев және ҚХА төрағасының орынбасары Ж.Қ.Түймебаевтың алғыс хаттарымен марапатталды.

