Ер затының рухының төмендеп етекбасты болуына не себеп?

1. Арам ас.
2. Тақуалығы жоқ әйел.
3. Киім тәртібі сақталмауы, жүректе иман, тілінде құраны мен бойында бой дәретінің жоқтығынан.

✔Басына тақия,бөрік киіп басты қадірлеуден еркекке келетін нығметтер:
— Жетесі жетіледі;
— Көк нұрына жалғанады;
— Етекбастылықтан қорған болады;
— Алтынның шабуылынан(әйел затының ықпалынан шыға алмау) қорғайды.

✔Жеңді киім кию: Қол аруағы қолдау береді. Демікпе ауруынан қорған болады. Қол баласы жетіледі. Бой өрісінде тесік-шұрықтар болмайды.

✔Аяққа мәсі киіп,жылы ұстаудан: Аяғына нұр түседі (бақ қонады). Әр қадамына періштелер жақсы тілек жаудырады. Наны піседі. Сүйектері дұрыс жетіледі. Нәрін жоғалтпайды. Жаратқанды мойындамағандарды шалады (сөзі пәтуалы болып, жазалаушы қасиет қонады)

✔Еркектерге шапанды болудың нығметтері; Ойшылдық пен даналық дариды. Қара қылды қақ жарар әділдік пайда болады. Ерегіскендерді татуластырады. Сәби баланы сипаса алқанында шипа болады. Құйрық майын жеп тауысады(семіздік дертіне ұшырамау)

✔Осы қағидалар орындалса киім қадірі меңгеріліп, Жаратқанға жол ашылады.

— Ескерту: қазір азып-тозып,рухсызданып, мәңгүрттенген еркектердің шорты киюінен
бара- бара аяқ сіңірлері тартылып,бұлшықеттері жұқарып қысқарады. Аяқ ауруына ұшырайды. Белсіздік пайда болады.

 

Мақсат Сқақовтың фейсбук парақшасынан