УЗИ 4 D Live технологиясы — «Орхун Медикалда»

Денсаулық — адамның ең қымбат байлығы. Балтырымыз сыздап, басымыз ауырса, күллі дүниені беріп жіберуге дайынбыз. Дамыған елдердің қатарына кіруге ұмтылсақ, медицинамыз да соған лайық болу тиіс. Осынау мемлекеттік стратегияға үлес қосып, диагностикалық зерттеуде ең соңғы заманауи технологияларды қолданатын «Орхун Медикал» диагностикалық орталығы Алматы қаласында білікті дәрігерлердің басын қосып, конференция өткізді.

Жиын диагностикада соңғы технологияларды қолдану арқылы ауру белгілерін тез әрі айқын анықтап, дұрыс диагноз қоюды жеделдету тақырыбы аясында өрбіді. Шараны ұйымдастырушы Гүнеш Дерек басқосудың шымылдығын ашып, «Орхун Медикал» туралы кішігірім ақпаратпен таныстырды.

 «Орхун Медикал» түрлі ауруларды тексеруде 25 жылдық тәжірибесі бар түркиялық «Орхун Саглык» медициналық орталығының Қазақстандағы филиалы болып табылады. Орталықтың негізгі қызметі — радиология мен кардиология саласында терең зерттеулер жасау және соңғы жетістіктерді пайдалана отырып, ана денсаулығын жақсарту. Осы мақсатты көркем жүзеге асыру үшін, білікті дәрігерлердің аялы алақаны мен жоғары дәрежелі қызметті науқастарға ұсынып келеді.

Конференция барысында «Орхун Медикалдың» бас маман-дәрігері Максим Галушкин жиналғандарға сурет- тер мен бейнероликтер арқылы емдеу түрлерінің таныстырылымын жасады. Сонымен қатар, келушілердің көкейін мазалаған сұрақтарына жауап беріп, қанағаттанарлық ақпараттармен бөлісті. Максим өз қатарына қарағанда жас болғанымен, өте білімді дәрігер. Себебі аз уақыттың ішінде бірнеше жерде бі- лімін жетілдіріп үлгерді. Ол Оксфордта резидентура оқуын жалғастырып, сосын Корея елінде машығын жетілдіріп, алған білімдерінің пайдасын халқына тигіз- бекке Қазақстанға қайта келді. Бүгінде халықтың ризашылығына бөленген таптырмас маман.

Жалпы, «Орхун Медикалдың» медициналық технологиялары Алматы тұрмақ, Қазақстанда еш жерде жоқ. УЗИ 4D Live технологиясы арқылы құрсақтағы балалардың бейнесін айқын көрсетіп, нақты ақпараттар бере алады. Кешенді тексеру арқылы ағзаның толық жұмыс істеу жүйесін зерттеп, ақауларын көрсетіп береді. Дамыған елдің дамуының ең басты көрсеткіші ана мен баланың денсаулығының амандығы болса, «Орхун Медикал» сол ұстаным шегінде халыққа емдік шаралардың үздік жолдарын ұсынып, қызмет етуде деп толық айта аламыз.

 Мирас Кесебаев