Қазақстанда медиа саласындағы заңнама жетілдірілуде: онлайн-платформалардың жауапкершілігін күшейтуге басымдық беріледі
Қазақстан Республикасының Құрылтайында онлайн-платформалар мен масс-медиа мәселелеріне қатысты заң жобалары бірінші оқылымда қаралды.
Түзетулер азаматтардың құқықтарын қорғауға, балалардың интернеттегі қауіпсіздігін арттыруға, ақпараттық ортаның ашықтығын қамтамасыз етуге және онлайн-платформалардың жауапкершілігін күшейтуге бағытталған.
Онлайн-платформалардың пайдаланушылар алдындағы жауапкершілігі артады
Онлайн-платформаларды Қазақстанда өкілдік ашуға міндеттеу, сондай-ақ құқыққа қайшы контентті жою туралы нұсқамаларды орындамағаны үшін жауапкершілік белгілеу ұсынылады.
2026 жылдың 10 айында құқыққа қайшы 128,5 мың материал анықталып, олардың 70 пайызға жуығы жойылды.
Сондай-ақ жазылушыларының саны бес мыңнан асатын пайдаланушылар мен жария қоғамдастықтарды сәйкестендіру тетіктері көзделген.
Балалардың интернеттегі қауіпсіздігіне қойылатын талаптар күшейеді
Қауіпсіз цифрлық орта қалыптастыру үшін 16 жасқа толмаған балалардың онлайн-платформаларда тіркелуіне шектеу қою және пайдаланушылардың жасын тексеру тетіктерін енгізу ұсынылады.
Бұл шектеулер ата-анамен, жақындармен және мұғалімдермен байланысуға арналған мессенджерлерге қолданылмайды.
Онлайн-кинотеатрлардың қызметі заңмен реттеледі
Теле- және радиоарналарды аудиовизуалды платформалар арқылы таратуды лицензиялау, сондай-ақ онлайн-кинотеатрлардың Қазақстандағы заңды өкілдерін айқындау көзделген.
Бұл медианарық қатысушыларының барлығына ортақ әрі түсінікті тәртіп белгілеуге мүмкіндік береді.
Азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері күшейтіледі
Заң жобаларында азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін, сондай-ақ өз бейнесіне құқығын қорғаудың қосымша кепілдіктері көзделген.
Онлайн-платформаларда жала жапқаны үшін, сондай-ақ масс-медиада және онлайн-платформаларда былапыт сөздер қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу ұсынылады.
Сонымен қатар мемлекеттік органдардың бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын ресми жауаптарын арнайы белгімен көрсету, оқыту курстары мен оккульттік қызметтер туралы ақпараттың ашықтығын арттыру көзделген.
Жалпы, бұл заңнамалық бастамалар цифрлық ортаның қауіпсіздігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге, ондағы жауапкершілікті күшейтуге, сондай-ақ азаматтардың, мемлекеттің және медианарық қатысушыларының мүдделерін үйлестіруге бағытталған.
В Казахстане совершенствуют законодательство в области онлайн-платформ и масс-медиа
В Курултае Республики Казахстан в первом чтении рассмотрены законопроекты по вопросам онлайн-платформ и масс-медиа.
Поправки направлены на защиту прав граждан, повышение безопасности детей в интернете, развитие прозрачной информационной среды и усиление ответственности онлайн-платформ.
Онлайн-платформы станут ответственнее перед пользователями
Предлагается закрепить требование об открытии представительств онлайн-платформ в Казахстане и установить ответственность за неисполнение предписаний об удалении противоправного контента.
За 10 месяцев 2026 года выявлено 128,5 тысячи противоправных материалов, из которых удалено около 70%.
Также предусмотрены механизмы идентификации пользователей и публичных сообществ с аудиторией более пяти тысяч подписчиков.
Усилится защита детей в интернете
Для создания безопасной цифровой среды предлагается ограничить регистрацию детей до 16 лет на онлайн-платформах и ввести механизмы проверки возраста пользователей.
При этом ограничения не затронут мессенджеры для общения с родителями, близкими и учителями.
Деятельность онлайн-кинотеатров получит правовое регулирование
Предусматривается лицензирование распространения теле- и радиоканалов через аудиовизуальные платформы, а также определение законных представителей онлайн-кинотеатров в Казахстане.
Это позволит создать единые и понятные условия для участников медиарынка.
Будут усилены механизмы защиты прав граждан
Законопроекты предусматривают дополнительные гарантии защиты чести, достоинства и права граждан на собственное изображение.
Предлагается ввести административную ответственность за клевету на онлайн-платформах и нецензурную брань в масс-медиа и на онлайн-платформах.
Также предусматриваются маркировка официальных ответов государственных органов в СМИ и повышение прозрачности информации об образовательных курсах и оккультных услугах.
В целом, законодательные инициативы направлены на формирование безопасной, ответственной и открытой цифровой среды, обеспечение баланса интересов граждан, государства и участников медиарынка.
